• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:01:33
+35°

03 Ақпан, 2018 Аймақтар

Оқо-да жаңа басқарма құрылып, төрт басқарманың атауы өзгертілді

Басқармалардың атауын өзгертіп, жаңа басқарманы құру  туралы шешім өткен жылдың қазанында  өткен облыстық мәслихат сессиясында бекітіліді

Оңтүстік Қазақстанда облысты басқару схемасы негізінде 23 басқарманың кейбірінен бірқатар міндеттер алынып 4 басқарманың атауы қайта ауыстырылды. Сонымен қатар  туризмді дамыту және тартылатын сыртқы инвестицияның көлемін арттыру мақсатында жаңа басқарма құрылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ОҚО әкімдінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аталған басқармалардың атауын өзгертіп, жаңа басқарманы құру  туралы шешім өткен жылдың қазанында  өткен облыстық мәслихат сессиясында бекітіліп, облыс әкімінің қаулысымен құрылып отыр.

Атап айтсақ, облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының туризм саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып «Оңтүстік Қазақстан облысының туризм және  сыртқы байланыстар басқармасы» құрылып, «Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» болып қайта аталды.

Ал облыстық Мәдениет басқармасы «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» болып, облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы «Оңтүстік Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» болып қайта аталды. Оған облыс әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы функциялары мен өкілеттіктері берілді.

Бұдан бөлек, облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармаға білім басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және балалардың құқығын қорғау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып,  «Оңтүстік Қазақстан облысының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы» болып ауыстырылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір