• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:27:49
Алматы
+35°

22 Ақпан, 2018 Денсаулық

ОҚО-да ВИЧ жұқтырған 135 балаға ауруы жайында хабарлаған

Бүгінде Ана мен бала орталығында ВИЧ жұқтырған 242 бала тіркеуде тұр. Олардың тоғызы 2017 жылы тіркеуге алынған.

2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ жұқтырған 135 балаға ауруы туралы айтылып, статусы ашылған. Бұл жайында облыстық СПИД орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық Ана мен бала орталығының бас дәрігері Бақытжан Шәкенов айтты.

Бақытжан Шакеновтің сөзінше, орталық ВИЧ жұқтырған балалардың ахуалы үкіметтік емес ұйымдардың көмегімен ашады.

- Баланың мәртебесін 11-12 жаста ашқан дұрыс. Бұл үшін ата-анасы рұқсат беруі керек. 2017 жылы 135 баланың статусы ашылды. Биыл 45 баланың статусын ашуды ойластырып отырмыз. Cтатусы ашылған балалардың өзімен жұмыс істеп жатырмыз. Ата-анасымен тығыз байланыста болып, өмірге бейімделуге көмек беріп келеміз, - дейді Бақытжан Шакенов.

Бас дәрігердің мәліметінше, бүгінде Ана мен бала орталығында ВИЧ жұқтырған 242 бала тіркеуде тұр. Олардың тоғызы 2017 жылы тіркеуге алынған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір