• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:34:49
Алматы
+35°

16 Ақпан, 2018 Аймақтар

ОҚО-да «Шымкент арена» спорт кешені бой көтереді

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев 2017 жылы атқарылған жұмыстар жайын баяндаған есепті кездесуде мәлім етт

Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев 2017 жылы атқарылған жұмыстар жайын баяндаған есепті кездесуде мәлім етті.

ОҚО

Оның айтуынша, Шымкент қаласындағы аумағы 427 гектарды құрайтын «Shymkent city» шағын ауданында «Шымкент арена» спорт кешені салынады. Осы жылы құрылысы басталатын бұл спорттық нысанда күрес пен атлеттер залы, сауда мен тамақтану және әкімшілік блогтары, қонақ үй, бассейн қарастырылған. Жобалық құны 17,2 млрд. теңге болатын кешен заманауи құрылғылармен жабдықталмақ.

ОҚО

Сонымен қатар әкім аталған шағын ауданда жалпы алаңы 18 450 шаршы метр болатын «КОНГРЕСС ХОЛЛ» жобасы бой түзейтінін де айтып өтті. Құны 20,5 млрд. теңге болатын нысан құрылысы 2018-2021 жылдар аралығында жүргізілмек.

ОҚО

Шымкент қаласын жан-жақты дамыту жайы Елбасының тікелей бақылауында екенін айтқан облыс әкімі  негізгі жұмыстар қаланың архитектуралық келбетін жақсарту, инфрақұрылымын дамыту мен абаттандыру, көгалдандыруға бағытталатынын жеткізді.

ОҚО

 «Қаланың бірнеше көшелерінен ашылатын Арбат – шахардың ең көрікті мекеніне айналады. Бұдан бөлек, Қошқар ата өзені жағалауы жобасын жүзеге асырсақ, Шымкент тарихи қалашығын жаңғырту жобасын да қолға алдық. Сонымен қатар,  Шымкент әуежайына жылдық жолаушы ағымы 2 миллионды құрайтын жаңа заманауи терминал салу жоспарымызда бар»,-деді Ж.Түймебаев.

ОҚО

Есепті кездесу барысында әкім өткен аптада Үкімет тарапынан Шымкент қаласымен қоса Бәйдібек, Қазығұрт, Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш, Төлеби, Түлкібас аудандары мен Арыс қаласының стратегиялық қажеттіліктерін қамтитын «Шымкент агломерациясының аумақтарын дамытудың өңіраралық схемасы» бекітілгенін айтты. Бұл облыс орталығы мен оның айналасында орналасқан аудан, қала аумақтарының қарқынды дамуына серпін беретіні анық.

ОҚО

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір