• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:52:14
Алматы
+35°

16 Мамыр, 2018 Аймақтар

ОҚО-да қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті

Аталған шараға Отырар аудандағы 40-қа жуық қолөнер шеберлері мен қылқалам иелері қатысып, 500-ден аса туындыларын қойды

Сан ғасырлық мұралардың киелі ордасына айналған Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында,  Астананың 20 жылдығына орай 18-мамыр Халықаралық музей күніне арналған аудан көлеміндегі ағаш өңдеу, кесте тоқу, түрлі металдарды қолдана отырып, дайындаған қолөнер бұйымдары қолөнер шеберлерінің уындылары мен суретшілер жәрмеңкесін өткізуді қолға алған болатын.

Осы орайда,  аталған шараға Отырар аудандағы 40-қа жуық қолөнер шеберлері мен қылқалам иелері қатысып, 500-ден аса туындыларын қойды.

ОҚО

Айтулы жиынды  Отырар ауданының әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлы құттықтау сөзбен ашып берді.

«Қазақ қолөнерінің өзіндік көпғасырлық шежіресі бар. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, ата-бабаларымыздың  ертеден қастерлеп бағалай білген дүниесі. Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырған. 

Осы өнерді кәсіп еткен шеберлер Отырар өңірінде де аз болмаған. Олар  Тегіс ұста, Тегісұлы Арын, Сыздық Ұста, Сыздықұлы Надайымбек, Қалдаяқ ұста т.б.  Бүгінде олардың қолынан шыққан бұйымдары көне жәдігер болып мұражайда сақталса, есімдері тарих беттерінде жазулы.

Сондай-ақ, Жаңабек Мамыт, Бақытбек Амангелдиев, Жанұзақ Ерімбетов т.б. отырарлықтар осы кісілердің бүгінгі жалғасы іспетті»- деді, аудан басшысы.

Жәрмеңкенің мақсаты - жергілікті қолөнершілер мен суретшілердің қолынан шыққан туындыларын көпшілік назарына ұсына отырып, өңірімізге келетін туристердің халқымыздың қолөнеріне деген қызығушылығы мен сұранысын тудыру. Сондай-ақ, Жәрмеңкеге қатысушылар өз туындыларын көпшілікке насихаттаумен қатар сатылымға шығара алады. Жыл сайынғы музейлер мерекесінде осы іс-шараны дәстүрге айналдыру арқылы өңірімізде атадан-балаға мирас болған ұлттық өнерді қайта жаңғырту болып табылады.

Шараға қатысушылар Отырар мемлекеттік археологиялық қорық музейінің өткен тарихынан сыр шертетін «Отырар Эрмитажы» атты көрмесімен де танысты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір