• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:30:17
Алматы
+35°

13 Мамыр, 2018 Аймақтар

ОҚО-да өзбекстандық театр ұжымының күндері өтті

ОҚО-да өзбекстандық театр ұжымының күндері өтті

Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 10-13 мамыр күндері аралығында Қазақстандағы Өзбекстан Республикасының жылына орай Өзбек ұлттық академиялық драма театрының Оңтүстік Қазақстан облысында гастрольдік іссапары өтті. Аталған жыл аясында өңірімізге келген өзбекстандық өнер ұжымы үш күн бойы облыс жұртшылығына Эркин Хушвақтовтың «Көңіл» комедиясын ұсынып, зор қошеметке бөленді.

Мәдени қарым-қатынасты ұлғайту,  көрші елдің сахнадағы ерекше қойылымдарын күнгей өлкенің көрермендеріне тарту етіп, достық байланысты паш етуге бағытталған  сапар барысында өзбекстандық өнер ұжымы Шымкент қаласы мен Сайрам аудандарында аталған туынды арқылы отбасы бақыты мен құндылығы жайында терең ой қозғады. Сондай-ақ, делегаттар өңіріміздің киелі орындары Сайрам ауданындағы Ибрахим ата, Қарашаш ана кесенелері мен Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи басына барып құран бағыштап, зиярат етті.

ОҚО

Гастрольдік сапардың жабылу салтанатында Өзбек ұлттық академиялық драма театрының директоры, Өзбекстан Республикасына қызмет көрсеткен әртіс, «Мехмат-Шухрат» орденінің иегері Масудов Фатхулла Хусанұлы жылы шыраймен қарсы алып, ерекше ықылас білдірген оңтүстікқазақстандықтарға алғысын білдіріп, екі ел арасындағы байланыс одан әрмен  нығая беретіндігіне сенімділігін жеткізді.

Шара соңында театр ұжымына Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Шарафиева Ғалия Аликенқызы мен ОҚО Өзбек мәдени орталығының төрағасы Икрам Хашимжанов арнайы алғыс хаттар табыстады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір