• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:38:15
+35°

15 Мамыр, 2018 Аймақтар

ОҚО-да өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ашық чемпионаты басталды

ОҚО-да өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің құрылымдық бөліністерінің арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ашық чемпионаты басталды

Оңтүстік Қазақстан облысында өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің құрылымдық бөліністерінің арасында  өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ашық чемпионаты басталды. Қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған сөндірушілер Бақыт Алпысбаев, Нұрғали Қарабаев, Жұлдызбек Есеналиевтерді еске алуға арналған сайыстың салтанатты ашылуы №1 мамандандырылған жасақтың спорт алаңында өтті.

Өңірдің  Төтенше жағдайлар депратаментінің бастығы Нұрболат Дербісов жарысты ашық деп жариялап, қатысушыларға жеңіс  тіледі.  

Жалпы 23 команда қатысқан сайыста қызметкерлер өрт сөндіру-құтқару спортының 4 түрі бойынша ең үздік атағына сынға түспек.   Олар алдымен спорт алаңында үш иінді сатымен оқу-жаттығу мұнарасының 3-4-ші қабаттарына көтерілу сайысы  бойынша өз бақтарын сынады. Бұл күні өрт сөндірушілер  оқу-жаттығу мұнарасының 4-ші қабатына иінді саты арқылы көтерілу бойынша күштілерді де анықтады. Жарыстың бірінші күнгі қорытындысы бойынша  үш иінді сатымен оқу-жаттығу мұнарасының 3 қабатына көтерілу сайысы  бойынша жалпы командалық есепте  №1 мамандандырылған жасақ, «Өрт сөндіруші» АҚ және №4 өрт сөндіру бөлімінің командалары жүлделі орындарға ие болды.   Енді жарыстың жалғасы «Қажымұқан» және «Динамо» стадиондарында өтетін болады. Онда сөндірушілер «100 метрлік кедергісі бар жолақтан жүгіру» және «жауынгерлік қанат жаю» бойынша   жарысады деп күтілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір