• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:30:47
Алматы
+35°

16 Мамыр, 2018 Аймақтар

ОҚО-да "Men Qazaqpyn" мегажобасына іріктеу басталады

Оңтүстік Қазақстан облысында «Men Qazaqpyn» телевизиялық жобасына іріктеу басталады

Оңтүстік Қазақстан облысында  «Men Qazaqpyn» телевизиялық жобасына іріктеу басталады. Дәстүрлі ән мен күй, терме сынды өнерімізді ұлықтайтын «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасының мега жобасы биыл да жалғасын табады. Бұл туралы  өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Ontustik» телеарнасының директоры Бауыржан Бердімұратов мәлім етті.

Бауыржан Бердімұратовтың сөзінше, оңтүстіктен іріктеліп шыққан үш өнерпаз республикалық деңгейде өңір намысын қорғайтын болады.  Ал, байқау қазақ xалқының төл өнері, соның ішінде жыр-термелер мен күйлерді бүгінгі заман талабына сай жаңартып, өскелең ұрпаққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Облыстық Мәдениет басқармасының бөлім басшысы Ғалия Аликенқызының айтуынша, арнайы топ облыстағы әрбір ауданды аралап, жобаға қатысушыларды іріктейді.

«Байқауға қатысушылардың жас ерекшелігі - 18 бен 40 жас аралығы. Сондай-ақ, саxнаға шығатын өнерпаздардың киімі қазақы үлгіде әрі бүгінгі заман талабына сай болуы тиіс.  Алғашқы іріктеу сайысы мамыр айының 17-сі күні Созақ пен Бәйдібек аудандарында басталады. 5 маусым күні облыстық деңгейде өткізіліп, аймақтан ән, күй, терме жанрлары бойынша 3 жеңімпаз тамыз айында республикалық жарысқа аттанады», - деді Ғалия Аликенқызы.

«Men Qazaqpyn» жобасының республикалық айналымында жеңіске жеткен жеңімпаздар "Жылдың ең үздік дәстүрлі әншісі", "Жылдың ең үздік термешісі" және "Жылдың ең үздік күйшісі" аталымдары бойынша марапатталады. Сондай-ақ, баспасөз мәслихатына қатысқан жазушы Мархабат Байғұт аталған жобаның маңыздылығына тоқталды.

«Ұлттық кодымыз бен тамырымызды танытатын «Men Qazaqpyn» сынды жобаның жалғасын тауып жатқандығына қуаныштымын. Ұлтымыздың тарихы мен дүниетанымының бір бөлшегі осы әніміз мен күйімізде, термеде жатыр. Жас ұрпақтың осы ұлттық өнерге әуестігі рухани құндылығын сақтағандығы. Бұл тұрғыда ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пен  "Qazaqstan" РТРК" АҚ-ның  Басқарма төрағасы Ерлан Қарин сынды азаматтарға алғыс білдіремін», - деді Мархабат Байғұт.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір