• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 22:16:56
+35°

15 Маусым, 2018 Аймақтар

ОҚО-да медицина қызметкерлеріне 27 көлік табысталды

Аймақ басшысы Елбасының денсаулық саласына ерекше көңіл бөліп отырғанын айта келе, медицина қызметкерлерінің жетістіктеріне тоқталды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ақ халаттыларды «Медицина қызметкерлерінің күні» мерекесімен құттықтап, өңірдегі ауруханалар мен емханаларға 27 жедел - жәрдем қызметіне арналған көліктің кілтін салтанатты түрде табыс етті.

Аймақ басшысы Елбасының денсаулық саласына ерекше көңіл бөліп отырғанын айта келе, медицина қызметкерлерінің жетістіктеріне тоқталды.

«Адам жанының арашасы болып табылатын дәрігерлердің қоғамдағы орны ерекше. Денсаулық сақтау саласы – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Сондықтан біздің облысымызда бұл салаға бөлінетін қаржы жылдан жылға артып келеді. Соның арқасында біздің медициналық мекемелеріміз ең озық үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталып, емдеудің тиімді тәсілдері қолданылып келеді. Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың арқасында 2017 жылы негізгі денсаулық көрсеткіштері өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жақсарды. Мысалы өмір сүру ұзақтығы 72,6-дан 72,9 дейін артты. Жалпы өлім-жітім 5,3-тен 5,1 дейін төмендеді, ана өлімінің көрсеткіші 1,5% -ға, нәресте өлімі 13%-ға, туберкулезден болатын өлім 14,8%-ға төмендеді. Осының барлығы Сіздердің арқаларыңыз деп білеміз», – деді Жансейіт Түймебаев.

Жаңа автокөліктер науқасқа алғашқы көмек көрсетуге арналған қажетті құралдармен толық қамтамасыз етілген. Жыл соңына дейін өңіріміздегі медициналық мекемелерге тағы 20 арнайы көлік берілетін болады.

Айта кетейік, облысымыздағы денсаулық сақтау саласында қазіргі уақытта 7 мыңнан астам дәрігер мен 25 мың мейірбике еңбек етеді. Халық санының өсуіне байланысты аудан, қалаларда 10 амбулаториялық - емхана салынуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір