• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 15:39:09
Алматы
+35°

16 Мамыр, 2018 Аймақтар

ОҚО-да кәсіпкерлерге мемлекеттен бөлінетін қаржыларды алуға кедергілер көп

Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан бөлінетін қаржыларды алуға кедергілер көп

Оңтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан бөлінетін  қаржыларды алуға кедергілер көп.  Бұл туралы облыстық Кәсіпкерлер палатасында  өткен Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысында айтылды.

Жиынға қатысқан облыстық Кәсіпкерлер палатасы мамандарының  сөзінше,  агроөнеркәсіптік бағдарламаларды дамыту аясында несиелеу бойынша қаржы институттары тарапынан көптеген қиындықтар туындауда. Соңғы уақытта өңірлік палатаға іскер азаматтардан  «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» мен  «Микроқаржы ұйымы» және  «Ырыс» қаржы ұйымдарының қызметіне  қатысты  арыз-шағымдар көптеп тусуде. Мәселен, аталған қаржылық ұйымдар кәсіпкерлерге кепілдік мүлікті сақтандыруды және бағалауды тек өздері белгілеп  берген сақтандыру және бағалау компанияларында ғана жүргізуге мәжбүрлейді.  Шаруалар шалғай аудандарда тұрғандарына қарамастан мүліктерін бағалату үшін облыс орталығына сабылуға мәжбүр.

Мәселен, Түркістан қаласында екі бағалаушы компанияның болуына қарамастан, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Ырыс» МҚҰ» өкілдері кәсіпкерлерді Шымкент қаласындағы «Премиум Бағалау» және BION GROUP компанияларында ғана бағалау жүргізуге мәжбүр етеді.  Ол аздай кәсіпкерлер микрокредиттеу туралы өтінішті қарастыру алдында үлкен шығындар жасауларына тура келеді. Кепілдікті бағалау мен нотариалды куәландыру үшін көп қаражат жұмсағанымен, тиісті комиссия ол азаматқа қарыз беруден бас тартады. Сонымен бірге, құжаттарды дайындау кезінде  біраз қаржылар жұмсалғанымен  ол кәсіпкер үшін  қайтарылмайтын шығын болып табылады.Қазір өңірде ондаған кәсіпкерлер палатадан осы мәселелерге араласып, оған қатысты  дұрыс шешім қабылдануына қолдау көрсетуін сұрап отыр.

«Кеңес отырысының нәтижесі бойынша Кәсіпкерлер палатасы тарапынан Облыстық прокуратураға, Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығына және ауыл шаруашылығын қолдау қорының басшылығына тиісті ұсыныстар енгізілетін болады. Нақты мақсатымыз - қойып жатқан кәсіпкерлердің құқығын қорғап, заңбұзушылыққа жол бермеу»,- дейді Облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Сабира Адамбекова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір