• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:25:59
Алматы
+35°

10 Мамыр, 2018 NEWS

ОҚО-да экстремизм айыбымен 8 адам ұсталды (фото)

«Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысында экстремизмді насихаттайтын материалдар таратты деген күдікпен сегіз азамат ұсталды. Бұл туралы облыстың ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

«10 мамыр күні жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД мен ҰҚДК қызметкерлері облыстың бірқатар аудандарында экстремистік идеологияны насихаттайтын видео және аудиожазбалар таратты деген күдікпен сегіз адамды ұстады», — делінген хабарламада.

ОҚО ІІД-де ҚР қылмыстық кодексінің «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Күдіктілердің барлығы қамауға алынды.

қылмыскерлер

қылмыскерлер

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір