• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 10:20:10
Алматы
+35°

14 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

ОҚО-да «Діни араздықты қоздырған» тұрғынға сот үкімі шықты

ОҚО-да "деструктивті ағым мүшелері" деп ұсталған үш күдіктінің бірі Алпамыс Жүсіпбековке үкім оқылып, 3 жылға бас бостандығы шектелді.

Оңтүстік Қазақстан облысында "деструктивті ағым мүшелері" деп ұсталған үш күдіктінің бірі Алпамыс Жүсіпбековке үкім оқылып, 3 жылға бас бостандығы шектелді. Бұл туралы Азаттыққа Сарыағаш аудандық сотының судъясы Берік Каюпов айтты, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі жазады. 

"Алпамыс Жүсіпбеков Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі ("Жария түрде немесе ақпарат құралдары арқылы діни араздықты қоздыру") бойынша кінәлі деп танылып, үш жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды" дейді судья. Сот үкімі заңды күшіне әлі енбеген.

Сот материалдары бойынша, Жүсіпбеков "2009 жылдан бастап дін ұстанған, 2017 жылдың 1 тамызында "Алып" сауда орталығындағы ұялы телефондар сататын дүкенінде ұялы телефон сатып, ұлттық және діни араздық тудыратын немесе алауыздықты насихаттайтын бейнетаспаларды өткізген. Тергеу барысында мәміле түзіліп, Жүсіпбеков кінәсін толық мойындаған" дейді судъя.

Шымкенттегі "Гарант" дүкендері аумағында "деструктивті діни ағым мүшесі" ретінде ұсталғандардың бірі Бақытжан Ізтілеуовтің әйелі Айгүл Сатиеваның Азаттыққа айтуынша, Бақытжан Ізтілеуовті қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзартылған.

Ал Самат Борашевтің ісі сотқа түскенін Азаттыққа Мақтарал аудандық сотының судъясы Сейілхан Мұсабеков растады. Оның сөзінше, Борашовтың ісін қарау 14 желтоқсанға белгіленгенімен, күдіктінің сот залына жеткізілмеуіне байланысты 22 желтоқсанға қалдырылған.

Бақытжан Ізтілеуов 19 қыркүйекте Шымкентте, Алпамыс Жүсіпбеков - Сарыағаш қаласында, Самат Борашев Жетісай қаласында ұсталған.

20 қыркүйекте ұсталған үшеуі Шымкентте "деструктивті діни ағым мүшелерінен құралған қылмыстық топ" құрамында болды деген күдікпен 19 қарашаға дейін қамауға алынған болатын.

Жүсіпбеков пен Борашев Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігі бойынша күдікті деп танылған. Ал Ізтілеуов 174-баптың 1 және 2-бөлігі ("Алдын ала сөз байласу арқылы діни алауыздықты қоздыру"), 256-баптың 1-бөлімі ("Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру") бойынша күдікті деп танылған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір