• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:37:42
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2018 Аймақтар

ОҚО-да биыл 10 500 гектар жерге сексеуіл тұқымы себіледі

Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылы орман қоры жерінің 10 500 гектарына сексеуіл тұқымы себіледі

Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылы орман қоры жерінің 10 500 гектарына сексеуіл тұқымы себіледі. Өңірдегі орман тұқымбақтарындағы көшеттердің санын биыл 20 миллионға жеткізу жоспарланған. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мамандары  мәлім етті.

Мамандардың айтуынша, облыста мың гектар жерге мәдени екпелер егіліп, 5,5 мың гектар алқапқа орманның табиғи ұрпақтануына ықпал жасау жұмыстары жүргізілетін болады. Аталған жұмыстар Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасының 2013-2020 жылдарға арналған іс-шара жоспарының «Экожүйелерді басқару» бөлімін іске асыру аясында атқарылмақ. Жасыл экономикаға көшу бойынша бұдан басқа облыстағы елді мекендерді көгалдандыру мақсатында 2017-2021 жылдарға арналған «Шатқал» іс-шара жоспары бекітілген. Алдағы бес жыл уақыт аралығында облыстың елді мекендердегі 36 659 гектар болатын жерге 15,5 млн  түп ағаш көшеттері отырғызылатын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір