• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 02:12:05
Алматы
+35°

18 Мамыр, 2018 Аймақтар

ОҚО-да 5 мыңға жуық мәдениет қызметкерлері абыройлы жұмыс атқарып келеді

Түлкібас ауданындағы «Ақ шатыр» демалыс орталығында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәдениет және өнер қызметкерлерімен кездесті

Түлкібас ауданындағы «Ақ шатыр» демалыс орталығында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәдениет және өнер қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған басқосуда облыс әкімі өнер азаматтарын кәсіби мерекемен құттықтап, облыстың рухани дамуы мен мәдени гүлденуіне айтулы үлес қосып  жүрген азаматтарға алғысын білдірді.

«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіз елімізде мәдениеттің, ұлттық өнеріміз бен салт-дәстүрлеріміздің өсіп-өркендеуіне, өткенін жаңғырта отырып жаңаша бағытта жұмыс жасауға ерекше мән беріп, үнемі назарда ұстап келе жатқаны баршамызға аян. Еліміздің болашағы жеке тұлғаның мәдениеттілігіне байланысты. Жеке тұлға мен қоғамның саяси, еңбек, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыратын арнайы мекемелер мен әлеуметтік орта. Сол мекемелердің бірі мәдениет ошақтары болса, адамды рухани азыққа бөлейтін мәдениет пен өнер қызметкерлері»,-айтты Ж.Түймебаев.

«Мәдени қызмет –мерейлі міндет» тақырыбында өткен мерекелік кеште облыс мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қосқан 49 өнер қызметкерлері «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен, облыс әкімінің арнайы сыйлығы, облыстық мәслихат грамотасы, «Нұр Отан» ОҚОФ партиясының алғыс хатымен марапатталды.

Бұдан бөлек, шара барысында жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұт, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының әртісі Сапарбай Өтемісұлы мен археолог, Ә.Марғұлан атындағы архелогия институтының директоры Байтанаев Бауржан, «Сақ» киностудиясының директоры Нуриддин Паттеев республикалық, халықаралық ақындар айтысының бірнеше дүркін жеңімпазы, «100 жаңа есім» тізіміне енген Бекарыс Шойбеков, ақын, «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ғылыми қызметкері Жантасова Злиха мен ҚР Мәдениет қайраткері, облыстық опера және балет театрының солисті Үралхан Сейілбековалар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының өңірде жүзеге асырлуы жайында өз ойларын айтып, мәдениет саласының дамуы бағытында ұсыныстарын жеткізді.

Бүгін облыстағы мәдениет  саласында 5 мыңға жуық қызметкер абыройлы жұмыс атқарып келеді. Ал халыққа 736  мәдениет және өнер мекемелері қызмет етуде. Аталған ұйымдардың қатысуымен өткен жылы  31 мыңнан аса іс-шаралар өткізілді.  Іс-шаралар негізінен «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі, «Түркістан - Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы және Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы  «Жаһандық заманауи Қазақстандық мәдениет» бағыты бойынша облысымыздың мәдениеті мен өнерін шетелдерге таныстыру мақсатында осы жылы Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншілері мен «Қазына» би ансамблі  Түркия Республикасындағы «Кастамону – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ашылу салтанатына және халықаралық Наурыз мерекесіне қатысып, 6 мемлекетте өнер көрсетті. Сонымен бірге, облысымыздың өнерпаздары Финляндияда өткен «Жұмбақ Жібек жолы» халықаралық  фестиваліне қатысты. Ал Италияның Пезаро қаласында өткен XV «Читта ди Пезоро» халықаралық вокалистер байқауында  жас өнерпаздарымыз Карина Нажмеддинова және Нұрқанат Тапивтер І орынға ие болып, Италияда 1 жыл тегін оқуға шақырту алды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір