• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 11:47:59
Алматы
+35°

17 Қаңтар, 2018 NEWS

ОҚО-да 2017 жылы 80 мыңға жуық бала дүниеге келген

Оңтүстік Қазақстан облысында өткен жылы 80 мыңға жуық бала дүниеге келген. Сондай-ақ 20 мыңнан аса отбасы шаңырақ көтерген.

Оңтүстік Қазақстан облысында өткен жылы 80 мыңға жуық бала дүниеге келген. Сондай-ақ 20 мыңнан аса отбасы шаңырақ көтерген деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып. Бұл туралы бүгін облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әділет департаменті басшысының орынбасары Мейіржан Исабеков мәлім етті.

Мейіржан Исабековтың сөзінше, облыс көлемінде 604 заңды тұлға және 141 филиал мен өкілдік тіркелген. Көрсетілген қызмет түрлерінен бюджетке 19 млн теңгеден астам мемлекеттік алымдар түсті.

«Оңтүстік Қазақстан облысында жеке және заңды тұлғалардан жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге жалпы 150 мыңнан астам өтініш қабылданды. Жылжымайтын мүлікке электронды түрде тіркеу саны 49 мыңнан асқан. Былтырғы жылдың қорытындысы негізінде мемлекеттік тіркеуден 218 млн теңге алым сомасы өндірілді», - деді Мейіржан Нұржанұлы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір