• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 04:35:58
Алматы
+35°

09 Мамыр, 2018 Аймақтар

ОҚО әкімі облыс тұрғындарын Жеңіс күнімен құттықтады

ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев облыс тұрғындарын Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтады

ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев облыс тұрғындарын Ұлы Жеңіс күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері!

Қадірлі оңтүстікқазақстандықтар!

Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратын танытқанайтулы мереке.

Бейбіт өмір мен ұрпақтың бақытты болашағы үшін отқа түсіп, қайғы-қасірет шеккен, соның бәрін қайыспай жеңе білген ардагерлердің жанкешті ерлігі мен еңбегі жадымыздан ешқашан өшпек емес.Сіздердің көрсеткен қайсарлықтарыңыз нағыз отансүйгіштіктің, көпұлтты татулықтың теңдессіз үлгісі болып тарихта жазылып қалды.Сондықтанда ақтаңдақ жылдардағы ел азаматтарының жан аямас жаужүректілігі мен тыл еңбеккерлерінің ерен еңбектеріне біз әрдайым құрметпен бас иеміз.Сындарлы сәтте кеудесін оққа тосқан батырларға айрықша құрмет көрсету бүгінгі ұрпақтың перзенттік парызы.

Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қайсарлық пен қаһармандық, Отанға деген сүйіспеншілік аса қатыгез сұрапыл соғыста Жеңіске жол ашты» деген болатын.

Ұлы Отан соғысына Оңтүстік Қазақстан өңірінен 140 мыңнан астам адам аттанып, олардың жартысына жуығы туған жерге оралмады. ІІ Дүниежүзілік соғыста жанқиярлық ерлігі үшін оңтүстікқазақстандық 51 азаматқа Кеңес Одағының батыры атағы берілсе, 8 жерлесіміз «Даңқ» орденінің иегері атанды. Жаужүрек қайсарлығы үшін мыңдаған ардагерлеріміз түрлі орден, медальдармен марапатталды. Бүгінгі таңда өңірімізде 174 Ұлы Отан соғысының ардагері, 4885 майданға қатысушылар мен мүгедекке теңестірілгендер және 15733 тыл еңбеккерлері бар.

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!

Ауыр күндердегі адал еңбектеріңіз бен белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз үшін алғыс білдіреміз!Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір мен бақ-береке тілейміз!" - делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір