• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:02:48
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2018 Аймақтар

ОҚО әкімі Нидерланд Корольдігінің елшісімен кездесті

Кездесу барысында аймақ басшысы қонақтарды өңірімізге келуімен құттықтады

Қазақстан мен Нидерланд арасындағы ауыл-шаруашылығы ынтымақтастығы кең. "Нидерланд - Қазақстанның басты инвесторы. Бұл ел инновацияда, экология мен медицинада әлемде көшбасшы саналады. Сондай-ақ, Нидерландта ауыл шаруашылығы секторы да өте тиімді", - деген еді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ян Коп Дирк, Алматы қаласындағы Елшілік кеңсесінің сауда-саттық жөніндегі маманы З.Садыкджанқызымен кездесті. Басқосуда тараптар екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайту, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жайын ақылдасты, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында аймақ басшысы қонақтарды өңірімізге келуімен құттықтап, облыстың экономикалық әлеуетімен және кәсіпкерлерге жасалып жатқан мүмкіншіктерімен таныстырды.

ОҚО

«Нидерланд – Қазақстан экономикасындағы ең ірі шетелдік инвестор. Сіздер жақтан елімізге тартылған инвестицияның көлемі 6 млрд. АҚШ долларына жетті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы да ауқымды, 5 млрд. АҚШ долларынан асты. Бұл қарым-қатынас әсіресе біздің облысымыз үшін тиімділігі ерекше болып отыр. Өңіріміз ауыл шаруашылық саласына бейім аймақ. Осы бағытта өздеріңізбен бірлесе отырып, көптеген жобаларды жүзеге асырдық. Сіздерді бұдан да тығыз байланыс орнатуға шақырамын», – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Сондай-ақ, өңір басшысы қонақтарды ОҚО мен Нидерланд арасында арнайы меморандум түзуге шақырды. Келісім-шарт негізінен ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге бағытталатын болады.

Өз кезегінде Ян Коп Дирк облыс әкімінің ұсынысына қолдау білдіріп, жаңа жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді. Кездесу соңында аймақ басшысы қонақтарға сый-сияпат жасап, естелікке суретке түсті.

Нидерланд АҚШ-тан кейінгі әлемдік ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттаушы. Жыл сайын 80 млрд. еуродан астам сома көлемінде ауылшаруашылық өнімдерін экспорттап, елдің Жалпы ішкі өнімінің 10 пайызын құрап отыр. Нидерланд Корольдігі Қазақстанға 70 млрд доллардан астам инвестиция құйған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір