• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 20:14:21
Алматы
+35°

09 Мамыр, 2018 Әлеумет

"Они просто обезьяны". Евгений Вожжов деген адвокат қазақтарға тіл тигізді

Құзырлы орындардан Евгени Вожжовтың ісін тескеруді ТАЛАП ЕТЕМІЗ!

Facebook желісінде Евгений Вожжов деген атпен тіркелген қолданушы қазақтарға тіл тигізді. Қазақ әйелдерін маймылға теңеген оны Кайра Байгереев деген біреу қолдай кеткен, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Евгений Вожжов

Евгений Вожжов 

Мына скриншоттар кешеден бері әлеуметтік желіде тарап жатыр. Вожжовтың Facebook-тегі парақшасында Астана қаласы адвокаттар алқасында жұмыс істейді деп көрсетілген. Алайда қазір оның аккаунты өшірілген.

Даудың басы Жеңіс күніне арналған лентадан шыққанға ұқсайды. 2015 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі "Жеңіс лентасының" жаңа үлгісін жасап, қолданысқа енгізген. Алайда Евгений Вожжов пен Қайрат Байгереев сынды бірқатар азаматтар бұған қатты наразы. Мысалы, Қайрат Байгереев өзінің Facebook-тегі парақшасында осыған байланысты видео жариялады. 

Оның ойынша, көк түсті лента ел арасына жік салады. "Билік енгізген көк түсті лентаның Жеңіс күніне қатысы жоқ", — дейді Байгереев. Басты суретіне Совет одағының туын қойған Қазақстан азаматы әлі  күнге дейін бодандықты көксейтіндей көрінді.

Жалпы ұлтаралық араздықты қоздыратын пікірлер желіде ара-тұра қылаң беріп қалады. Өткен айда Адилям Ушурова атты қолданушы қазақтардың ар-намысына тиіп, "мамбеттер" деп кемсіткен еді. "Сендерді тауға қуып жіберіп, малдың тезегін жегізу керек" деген оның сөзіне қарсы халық өре түрегелді. Көп ұзамай Адилям Ушурова видеоүндеу жасап, елге мән-жайды түсіндірді. Жыламсырап отырып, ол пікірді өзі жазбағанын, белгісіз біреу аккаунтын бұзып кіргенін айтып ақталды.

Аңдамай сөйлеген сөздің арты жақсылыққа апармауы мүмкін. Еліміздегі бейбітшілік пен ынтымақтың тұнығын шайқайтын арандатушыларды заң бойынша жазалаған дұрыс. Ел иесі, жер иесі қазақ халқын қорлауға ешкімнің құқығы жоқ. Құзырлы орындардан Евгени Вожжовтың ісін тескеруді ТАЛАП ЕТЕМІЗ!

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір