• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:54:56
Алматы
+35°

10 Қазан, 2017 NEWS

«Оның көздері жоқ» – көз жұмған адамдардың өлер алдында айтқан сөздері

Ауыр халде жатқан науқастарды емдейтін дәрігерлер түрлі жағдайларды бастарынан өткереді

Ауыр халде жатқан науқастарды емдейтін дәрігерлер түрлі жағдайларды бастарынан өткереді. Адамдар көз жұмар алдында түрлі іс-әрекеттер жасап, кейбіреулері түсініксіз бірнәрселерді сандырақтап айтады екен. Сарапшылар осы секілді әлемде болған жантүршігерлік жағдайларды жинап, оқырман назарына ұсынады.

Адам өлімі

Бірде дәрігерлер өліп бара жатқан күйеуіне әйелі келіп құлағына сыбырлағанын кездейсоқ естіп қалады: «Қорықпа, сүйіктім, бұл тек қана адам өлімі және де бір кездері сен бұдан оңай құтылып кеткенсің». Әлі күнге дейін әйелдің нені меңзегені белгісіз.

Көзі жоқ адамдар

Жүрегі тоқтап қаза табатын адамдардың көпшілігі көз жұмар алдында мидың дұрыс жұмыс істемеуінен туындайтын галлюцинацияларды көреді, яғни түрлі елестерді көреді. Егде ер адамның күтушісі болып жұмыс істеген медбике ер адам көз жұмар алдында қандай жағдайда болғандығын айтып берді. Ол медбикеге жақындап келіп, құлағына түсініксіз бірнәрселерді сыбырлаған және де «Мен қорқып тұрмын, олардың көздері жоқ қой», - деп айтқан екен.

Тозақ оты

Дәрігерлер жергілікті банда мүшесі болған 20 жастағы жігіттің өліміне куә болған. Ол абақтыда жағдайы нашарлағаннан соң, ауруханаға жеткізілген екен. Баланың өлім үстіне жатқанын білгеннен соң, күзетшілер оның палатасына анасын кіргізген. Анасы қатты жылап, өлер шағында баласынан Құдайдан кешірім сұрауын өтінген. Ал өлім ауызында жатқан ұлы барлығына айқайлап, анасына бір түрлі қорқынышты көзқараспен қарап: «Иисус, кет бар» деп айқай салған екен. Кейіннен «Жоқ, оларды алып кетіңдер менен» деп тоқтаусыз айқайға басып, бірнеше уақыттан жүрегі тоқтап қаза тапқан.

Мойындау

Дәрігерлер адамдардың жан тапсырар алдында айтқан түрлі сөздерін естиді. Алайда мына жағдай өте сирек орын алады. Бір қарт кісі кезекшіге келіп: «мен мәйітті көміп қойған жерімді айтуым керек» деген. Алайда мұның астарын ешкім де түсіне алмады, себебі бірнеше уақыттан соң қария көз жұмған.

Сәйкестік

Науқастың соңғы сөздерін естіген бір дәрігер қатты таңырқаған, өйткені ол дәрігердің болашақтағы сөз байласуы жайында айтып берген. Өлер алдында науқас: «Ол қызды ұрлап кеткен сен, сондықтан да сен тозақта жанасың», - деп айтқан екен. Мұны естіген дәрігер қатты таңырқағанын жасырмады, бірақ бір аптадан кейін ол досының сүйікті қызын тартып алған.

Көзге ібіліс көріну

Бірде науқас жан тәсілім етер алдында өзін қарап жүрген медбикеге түні бойы ібіліспен бір палатада болғанын айтып беріп, бүкіл ғимарат жарылады деп ескерткен. Алайда өлер алдында ібілістің кетіп қалғандығын және де оларға ешнәрсе де болмайтындығын айтып, көз жұмған екен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір