• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:35:34
Алматы
+35°

19 Қаңтар, 2018 Оқиғалар

Оңтүстік Корея спортшылары КХДР-мен бірге Олимпиадаға қатысуға наразы

Спортшыларының бірігуіне ел азаматтары да наразылық білдіруде.

Оңтүстік Кореяның хоккейден әйелдер құрамасы Пхенчханда өтетін Олимпиада ойындарында солтүстіккореялық спортшылармен бір командада ойнауға наразылықтарын білдірді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Рейтерс-ке сілтеме беріп хабарлайды.

Оңтүстік Корея құрама командасы бұл туралы АҚШ-тағы жаттығуларынан келген соң білген. Спортшылар өздерінің бейтаныс адамдармен ойнайтындарына алаңдаушылық білдіріп, командадан кетуге мәжбүр болатындарын айтқан. Оңтүстік Корея құрама командасының бас бапкері Сара Мюррей ойыншылардың қарсы екенін жеткізген.

- Олимпиадаға тек 23 адам ғана қатыса алады. «Біздің команданың спортшылары өз орнымыздан айырылып қаламыз ба?», - деп қорқып отыр», - дейді ол.

Спортшылардың бірігуіне ел азаматтары да наразылық білдіруде. Оңтүстік Корея президентінің сайтына екі ел командаларының бірігіп, бір тудың астында өнер көрсететіне жүзден аса шағым түскен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір