• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:59:54
Алматы
+35°

10 Қаңтар, 2018 Саясат

Оңтүстік Корея КХДР-ге салынған санкцияларын жеңілдетуі мүмкін

АҚШ билігі өз кезегінде  Корей түбегі ядролық қарудан азат аймаққа айналмайынша, Пхеньянға қатысты саясатын өзгертпейтінін мәлімдеді.

Оңтүстік Корея көршілес Солтүстік Корея спортшыларының Пхёнчхандағы Олимпиада ойындарына қатысуы үшін осы елге салынған санкцияларды жеңілдетуі мүмкін. Бұл туралы Оңтүстік Корея сыртқы істер министрлігінің өкілі Но Гю Док мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме беріп. Бірақ әзірге Сеулдің Пхеньянға қатысты қандай шектеу шараларын алып тастайтыны белгісіз.

Осыған байланысты, Оңтүстік Корея БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің санкциялар комитеті, АҚШ және басқа да мемлекеттермен кеңесетінін жеткізді. Дегенмен осындай мәлімдемеге қарамастан, Сеул халықаралық қауымдастықтың Солтүстік Кореяға салған шектеу шаралары одан әрі қолданыла беретінін атап өтті. АҚШ билігі өз кезегінде  Корей түбегі ядролық қарудан азат аймаққа айналмайынша, Пхеньянға қатысты саясатын өзгертпейтінін мәлімдеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір