• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:57:59
Алматы
+35°

02 Мамыр, 2018 Саясат

Оңтүстік Корея ел аумағынан АҚШ әскерін шығармайтынын мәлімдеді

Мамыр айының соңында Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трампен кездеседі.

 Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин  Солтүстік Кореямен бейбіт келісімге келген жағдайда, америкалық әскердің елден шығарылуы керек деген келісімді жоққа шығарды. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

"Кореядағы АҚШ әскері екі ел арасындағы одақтастық қарым-қатынастың белгісі, ешқандай бейбіт келісімшартқа қатысты емес",-дейді президент әкімшілігінің ресми өкілі Ким Ый Гем.

 

Кореяда 28 мыңдай америкалық әскерилердің орналасу мәселесі  Оңтүстік және Солтүстік Корея елдері арасында өткен саммиттен кейін қызу талқылануда.

 Еске салайық, тарихта алғаш рет КХДР лидері Ким Чен Ын Оңтүстік Корея президентімен кездесу өткізді. Мамыр айының соңында Ким Чен Ын АҚШ президенті Дональд Трампен кездеседі. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір