• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:06:39
Алматы
+35°

29 Наурыз, 2018 Денсаулық

Оңтсүстіктегі емдеу мекемелерін цифрландыруды Шымкенттен бастау керек

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет аталған мәселелердің барлығын ерекше бақылауда ұстап отырғанын атап өтті.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Оңтүстік Қазақстан облыстық клиникалық ауруханасында болып, денсаулық сақтау саласы мекемелерінің басшыларымен кездесті. Өңірдегі осы сала бойынша қордаланған мәселелермен танысты. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Кездесу барысында денсаулық сақтау жүйесін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, ауруларды басқару бағдарламаларын цифрландыру және әзірлеу, ауруларды емдеуден уақытылы аурулардың алдын-алуға көшу, міндетті медициналық сақтандыруды енгізу, кадрларды даярлау, денсаулық сақтау нарығын ырықтандыру және жекеменшік ұйымдардың әкімшілік кедергілерін азайту, инвестициялар тарту, инфрақұрылымды жетілдіру және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет аталған мәселелердің барлығын ерекше бақылауда ұстап отырғанын атап өтті. 2017 жылы жеке секторға қойылатын шектеулер 1,7 есе жойылды. Бұл денсаулық сақтау саласына салынатын жеке инвестицияларды екі есеге — 44,2 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға жол ашады. МӘМС жүйесін енгізу бойынша жүйелі жұмыстар жалғасуда: заңнамалық база құрылды, өткен жылдан бастап қор жұмыс істей бастады, жұмыс берушілер ақша аударымдарын жүргізіп жатыр.

Бұдан өзге, Президенттің бес әлеуметтік бастамасы аясында беріліп жатқан мүмкіндіктер талқыланды. Бұл — тиімді шарттар бойынша тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беретін «7–20–25» жаңа ипотекалық бағдарламасы, және халықтың жекелеген топтарына 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық жүктемесінің 10 есеге – 1%-ке дейін төмендеуі.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру саласында қабылданып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір