• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 10:18:36
Алматы
+35°

17 Қаңтар, 2018 NEWS

«Оңаймен» 150 теңге: тасымалдаушы компания жолақыны көтеруді сұрап отыр

Өткен бесжылдықтағы теңгенің құнсыздануына байланысты тасымалдаушы компаниялардың қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарына кеткен шығыны айтарлықтай өсті.

Алматыдағы тасымалдаушы  компаниялар қала әкімінен автобус парктерінің шығындарын жеңілдетуге немесе автобус пен троллейбус жолақысын 150 теңгеге көтеруді сұрады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

«Қаладағы жолақыны комиссия 2017 жылы наурызда бекіткен. Бізде тариф 72 теңге, 10 пайызын тасымалдау холдингіне береміз. Елдің көп аймақтарында жол ақы 90 теңгеге жетті (Қостанайда ақпан айынан бастап жол ақы 100 теңге),  ал бізде әлі күнге дейін 80 теңге. Біз Алматы қаласы әкіміне хат жаздық. Онда тарифтерді қайта қарауды және шығындарды субсидиялауды талап еттік. Біз ассоциациялардың барлық кәсіпорындарға толық көлемде субсидия төлеуін немесе заңға сәйкес жолақының өзгергенін қалаймыз. Жолақы 150 теңгеге көтерілмесе, шығынға батамыз. Толық субсидияланған жағдайда тариф 100-120 теңгеге көтеріледі деп болжап отырмыз. Біз жолақының қымбаттағанын қаламаймыз. Бірақ ол үшін тасымалдаушы компанияларды қаржыландыру керек. Яғни субсидия бөлінуі керек», - деп хабарлады Алматы қаласы жолаушыларды тасымалдау кәсіпорындарының ассоциациясы.

«Әлеуметтік маңызы бар бағыттарда автобус парктері күрделі қаржылық қиындық көріп отыр. Бұл автобустардың қызмет көрсетуінің тоқтауына әкелуі мүмкін. Өткен бесжылдықтағы теңгенің құнсыздануына байланысты тасымалдаушы компаниялардың қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарына кеткен шығыны айтарлықтай өсті, бірақ жолақы 2012 жылдан бері көтерілмеді», - делінген автопарктің қала әкіміне жазған өтінішінде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір