• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:11:59
Алматы
+35°

09 Тамыз, 2017 NEWS

«Оңай» картасы енгізілгелі бері 144 автобус жүргізушісіне айыппұл салынды

Сараланған тариф енгізілгелі бері 186 жолаушыға 800 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Алматыда «Оңай» электронды билеттендіру жүйесінің сараланған тарифі енгізілгелі бері 144 автобус жүргізушісіне айыппұл салынды, деп  Qamshy.kz ақпарат агентігі.

Айта кету керек, «Алматы көлік холдингі» мен қалалық Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасының көліктік бақылау инспекциясының өкілдері күн сайын рейдке шығып жүр.

Тексеру жұмыстарының арқасында 66 жүргізушінің жолаушыларды билетсіз тасымалдағандығы анықталды. 78 жағдайда жүргізушілер аялдамаға тоқтамай өтіп кеткен.

Билетсіз адам тасымалдаған жүргізушілерге 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сараланған тариф енгізілгелі бері 186 жолаушыға 800 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.

«Біз рейд барысында анықталған мәліметтерді көре отырып, тасымалдаушы кәсіпорындар жүргізушілердің қандай заңбұзушылықтар жасайтындығын көріп, білді деген сенімдеміз. Олардың әрекетінен жолаушылар жапа шегеді. Жолақысын төлесе де, билет талап етпей, сол үшін айыппұл төлеп жатқандар бар», – деді «Алматы көлік холдингі» ЖШС директоры Садир Хамраев.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір