• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 19:55:20
Алматы
+35°

08 Желтоқсан, 2017 Әлеумет

Омскіде фермерді шошқаларға жем қылған қазақстандық 17 жылға сотталды

Өз қылмыстарын жасыру үшін фермердің денесін шошқа фермасына апарып, жануарларға жем қылады

Қазақстандық азамат пен оның сыбайласы фермерді өлтіріп, кейін өлі денені шошқаларға жем қылған. Бұл туралы РИА Новости Омск облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Омск облыстық соты Қазақстан Республикасының 40 жастағы азаматы мен Омск облысы Любинск ауданының 43 жастағы азаматшасына қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды», - делінген хабарламада. Ер адам 17 жылға қатаң тәртіптегі колонияға қамалды. Ал оның кәмелет жасқа толмаған үш баласы бар сыбайласы жалпы режимдегі колонияға 9 жылға қамалды.

Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, күдіктілер Любинск ауданының тұрғыны 57 жастағы фермерді тонамақ болады.

Өздерінің жантүршігерлік жоспарын жұп 2017 жылдың 14 ақпанында іске асырды. Ол уақытта ер мен әйел фермердің компаниясында әулие Валентин күнін тойлап жатқан көрінеді. Сөйтіп фермердің ақшасын тонамақ мақсатта Қазақстан азаматы оны қылқындырып өлтіреді.

Өз қылмыстарын жасыру үшін фермердің денесін шошқа фермасына апарып, жануарларға жем қылады», - деп хабарланды прокуратурада.

Ал фермердің жоғалғаны жайында полицей қызметкерлері бірнеше күннен кейін бірақ білді. Күдіктілер өз кінәларын мойындып, фермердің 200 мың рублін тонағанын айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір