• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:47:47
Алматы
+35°

16 Қазан, 2017 Саясат

Өмірбек Бабанов жеңілісіне қатысты мәлімдеме жасады

Сонымен қатар өзінің басты қарсыласы Сооранбай Жээнбековті жеңісімен әлі де құттықтамағанын айтты.

Қырғызстан президенттігіне үміткер Өмірбек Бабанов пресс-конференция барысында сайлау процесінде болған жағдайдың бәрін өткеннің еншісіне қалдыру керектігін айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

16 қазанда ол өткен сайлау турасында уақытты 2 кезеңге бөлетінін мәлімдеді.

«Меніңше сайлау уақыты және сайлаудан кейінгі уақыт болады. Сайлау процесіндегі болған жағдайлар жабулы қазақ нүйінде сол жерде қалу керек. Парламенттік сайлауда біздің партия екінші орынды иемденді, президенттік сайлауда екінші орыннан тұрдым», – деді Бабанов.

Сонымен қатар өзінің басты қарсыласы Сооранбай Жээнбековті жеңісімен әлі де құттықтамағанын айтты. Саясаткердің айтуынша, оған хабарласып, құттықтай салу оңай, алайда командасымен сайлау қорытындысы бойынша жұмыстар атқару керек екендігін ескертті.

Сондай-ақ жақын уақытта елден кету жайын жоспарламайды. Бүгінде команданы жинап, қызу жұмысқа кірісу керек дейді.

Бабановтың әйелі де сайлаудан кейін еріне қолдау көрсеткен көрінеді. Бабановтың айтуынша, әйелі дәл осындай нәтиже күтпеген. Соған қарамастан күйеуіне деген сенімі азая қоймады.

«Бәрінің біткені жақсы болды. Сен мықтысың, қолыңнан бәрі келеді», - деді әйелі сайлау нәтижесінен кейін.

Айта кетейік, 15 қазанда Қырғызстан халқы елдің жаңа басшысын сайлады. Сайлау қорытындысы бойынша, сайлаушылардың 54,81 пайызын жинаған Сооронбай Жээнбеков жеңіске жетті. 33,74 пайыз дауыс жинаған Өмірбек Бабанов екінші орыннан көрінді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір