• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 10:25:41
Алматы
+35°

07 Желтоқсан, 2017 Әдебиет

Ол анасының түсіне еніп, өзін өлтірген адамды айтты (өмірде болған оқиға)

Осыдан 10 шақты жыл бұрын Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Жайықтың бойынан әйелдің өлігін тауып алады. Бұл әйелдің күйеуі мұнай компаниясында жұмыс жасайтын.

Өмір деген жұмбақ деп жиі айтамыз. Алайда да бізге мәлім де беймәлім болған өмірдің қырларын талай ғалым, талай жыл зерттегенімен жұмбақтың шешімін түгелдей дерлік білемін деп айта алмасы анық. «Мен өмірді талай жыл зерттеп, барлығын түсініп, білдім», - деп айтқан адам нақ ақымақтың өзі болады. Себебі өмір тылсым дүние, жұмбақ дүние. Оған мына жұмбақ болған оқиға дәлел.

Осыдан 10 шақты жыл бұрын Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Жайықтың бойынан әйелдің өлігін тауып алады. Бұл әйелдің күйеуі мұнай компаниясында жұмыс жасайтын. Көршілердің айтуы бойынша жақсы ақша тапқанымен жалақысының жартысын қу араққа жұмсайды екен.  Бар кемшілігі ішімдікке әуестігі, әйтпесе жақсы әке, жақсы жар болған.

Әйелінің қайтыс болғанын естіген Бақдәулет қазір жынды адам секілді не істерін білмей, сандырақтап отыр. Айшаның денесін бар күшімен құшақтап алған. Біресе шашын сипап айғайлайды, біресе үндемей, мелшиіп отырып алады.  Бір кезде есін жиған адам секілді:

— Айша, Айша мені қорқытпашы. Барлығы менің түсім ғой, иә. Қыздарымыз бізді үйде, жылап күтіп отыр. Мен сені үйге алып кетуге келдім, - деп шырылдай берді, шырылдай берді.

Жайық өзені Бақдәулеттің үйінен қатты алыс емес еді. Әйелді тексерістен өткізбек болған полиция қызметкерлеріне Бақдәулет қарсы болды. Бақдәулет өз қарсылығының себебін әйелінің бұрыннан денсаулығында кінәрат барын, тез арада босқа уақыт өткізбей жерлеу рәсімдерін өткізу керектігін айтып, түсіндірді. Полиция қызметкерлері де әйелдің бұрыннан жүрегі ауыратынын анықтап, қылмыстық іс қозғамады.

Тоғжан мен Ұлболсынның арасы 2 жас. Тоғжан 7 сынып оқыса, Ұлболсын 5 сынып оқушысы. Олар анасы қайтыс болған күні Айшаның анасының үйінде болған. Айша әкесінен ерте айырылған, оның жалғыз көзқуанышы болған анасы Бағила болатын. Қаралы хабарды бірнеше күннен кейін естіген қыздар әлі күнге дейін есеңгіреп жүр. Не дұрыс тамақтанбайды, не сөйлемейді. Бақилық болған Айшаның анасы қарлығашынан айырылса да, тағдырға мойынсынған. Ендігі оның міндеті Айшасының көз қарашығындай болған, Тоғжан мен Ұлболсынды тәрбиелеп, өмірден өз орынын тапқанға дейін көмектесу, қастарынан табылу. Бағила екі қыздың қасында болуы үшін Бақдәулеттің үйінде түнеп жүрді. Себебі қыздар түнімен қорқынышты түс көріп, шошынып оянады. Не істерін білмеген Бақдәулет Айшаның анасына өзі өтініш жасады.

Бір күні түнімен ұйықтай алмаған Бағила су ішуге ас үйге барады. Бір сәтте Бақдәулет ұйықтап жатқан жатын бөлмеден Бақдәулеттің дауысы естілді.  Бақдәулеттің айғайлаған даусын естіген Бағила шошып кетеді. Өзінің жатын бөлмесіне қалай келгенін білмей қалған Бағила «Бейкүнә періштем-ау», - деп қайталай берді, қайталай берді...

Келесі күні Бағила қатты ашулы еді. Оның ойын жауабы жоқ сансыз сауалдар шырмап алған. Шырмауық секілді болған сұрақтар оны бірнеше күн бойы ұйықтатпады. Сосын ойын Бақдәулетке айтуды жөн көрді.

— Түнімен ұйықтай алмай жүрмін, балам

— Жалғыз сіз емес қиналып, ұйықтай алмай жүрген

— Қызымды өлтірген айуанның жазасын бергім келеді... Тыныштық... Бақдәулеттің көзі шарасынан шығып кеткен күйі:

— Айшаны кім өлтірді?, - деп сұрады.

—Әзірге білмеймін. Алайда қызымды өлтірген адамның жер басып жүруге хақысы жоқ.

— Қылмыстық іс жабылып қойды. Полиция қызметкерлері істі қайта қарайтынына сенімді емеспін. Айшаның жүрегі ауыратын. Оны мен қайтыс болған күні ғана білдім. Бізден жасырып жүріпті. Істі қайта қозғайтын болсақ, Тоғжан мен Ұлболсынға да оңай тимейтіні анық. Олар енді ғана есін жиып келе жатыр.

— Ол да дұрыс шығар. Білмеймін, жүрегім мені алдамайды...

Айшаның жүз күндігі өтті. Бағиланың Айшадан айырылғаны кеше ғана еді. Уақыт зулап жатыр. Бағила қазір өз үйінде. Немерелеріне аптасына бір-екі рет барып тұрады. Бағила әлі күнге дейін күдіктеніп жүр. Айшаның жүз күндігін өткізіп болғаннан кейін жергілікті полиция бөлімшесіне барып қызына қатысты қылмыстық іс қозғауын сұрайды. Алайда полиция қызметкерлері қарсы болады. Айша қызын біреу өлтіргеніне сенімді екенін айтқанымен ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмайды.  Араға өзінің ескі таныстарын салған Бағила бірнеше айдан кейін ғана өз дегеніне жетеді. Айшаның мәйітін қайтадан тексеруден өткізу туралы рұқсатты қолына алған Бағила кінәлі адамды табатынына бек сенімді.

Арада бірнеше апта өтті. Сараптаманың нәтижесі белгілі болды. Бір жапырақ қағазды қолына алған Бағила қатты таңғалды. Сол түні көрген түсі алдамапты. Түсі өңіне айналды. Кінәлі адам белгілі болды...

Бағила түнде түсінде өзінің Айшасын көреді. Айша сол түні барлығын айтып береді. Ол әлгі жексұрынның өзін қылғындырып, өзенге лақтырғанын айтып берді. Бағила Айшаның мойнынан ер адамның қолын анық байқады. Айшасын құшақтамақ болған кезде ол ғайып болды. Жастығы көз жасымен су болған кезде Бағила көзін ашты. 

Дәл сол түні Бағила ұйықтай алмаған болатын. Су ішуге шыққан кезде Бақдәулеттің «Мен кінәлі емеспін, өзің, өзің» деген айғайын естіген.

Қылмыскердің өзінің күйеу баласы екенін білген Бағила бірнеше уақыт бойы үнсіз жүрді. Сенгісі келмеді... Себебі Бақдәулетті өзінің туған ұлындай көретін. Барлығы өтірік болса екен деді. Тоғжан мен Ұлболсынды ойлады. Олардың «әкесі қылмыскер» деген атқа қалмасын деді. Алайда Айша да оған маза бермеді. Айша қайтыс болған күннен бастап тыныш ұйықтай алмады. Үнемі шошып оянатын. Шыдамады... Айша үшін қылмыскер кім болса да жазалағасы келді. 

Полиция қызметкерлері Бақдәулетті күдікті ретінде қамауға алды. Сараптама нәтижесі Айшаның мойнындағы қолдың іздері кімдікі екенін анықтады. Барлығына Бақдәулет кінәлі. Бағиланың түсі жай түс болмады. Ол түс арқылы қызының өліміне кінәлі адамды тапты, жазалады. Бақдәулет Бағиладан кешірім сұрағанымен ештеңе өзгермейтінін түсінді.

— Мен қарғыс атқыр сол түні қатты мас едім. Қыздардың үйде жоқ екенін білген соң Айшаға тиісе бастадым. Сол түні Айша маған «өзінің бал көтере алмайтынын», - айтты. Мен ашуландым. Менің ұрпағымды жалғастыратын ұлым болғанын армандап жүргенмін. Алайда арманым көз алдымда ғайып болғанын білу маған ауыр соққы болды. Өзімнің не істегенім есімде жоқ. Бір қарасам Айшаны буындырып, өлтірген екенмін. Қатты қорықтым. Қатты... Не істерімді білмедім. Бір кезде мәйітті өзенге лақтыру керек екенін түсіндім. Солай жасадым да, үйге келіп ұйықтап қалдым. Таңертең тұрған кезде жаман түс көргендей болдым. Бірақ Жайықтың жағасынан Айшаның мәйітін көргенде бұл оқиғаның түс емес екенін білдім. Мен кінәлімін... Мен кінәлі емеспін... Қу арақ... Түбімен жетті...

Қазір Бағила Тоғжан мен Ұлболсынды өз қамқорлығына алған. Қыздар есейген кезде ғана Бағила барлық шындықты қыздарға айтып берді. 10 жылға түрмеге қамалған Бақдәулет есінен адасып, түрмедегі алғашқы күні-ақ өз-өзіне қол салған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір