• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:30:00
Алматы
+35°

28 Сәуір, 2018 Әлеумет

Оғыз Доған өзін қыз зорламақ болды дегендерге жауап берді

Әлеуметтік желіде Оғыз Доған осыдан бірнеше жыл бұрын Түркияда қыз зорлаған деген ақпарат қызу талқыға түсті

Әлеуметтік желіде Оғыз Доған осыдан бірнеше жыл бұрын Түркияда қыз зорлаған деген ақпарат қызу талқыға түсті. Осыған қатысты Qamshy.kz ақпарат агенттігі Оғыз Доғанға хабарласқанын еске саламыз

– Бұл – өтірік, жала. Бұл ақпаратты жариялаған мекемені сотқа бергенбіз. Осы мәселені қозғайтын азаматтарды заңды түрде сотқа беретін боламыз. Бұл туралы басқа айтарым жоқ. Осындай ақпарат тараса да, бұл жалған ақпарат болғаннан кейін қоғамдық мәселеге араласа беремін. Бұған ешқандай кедергі жоқ, – деп жауап берді Оғыз Доған.

Еске салсақ, Оғыз Доған қазақ тілінде қызмет көрсетпегені үшін Эйр Астананы сотқа беріп сотта жеңіп шықты. Сонымен бірге жақында қазақ тілінде қызмет көрсетпеген Qazkom банкін айыптап, аталған банк басшылығы бұл оқиға үшін кешірім сұрады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір