• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 14:49:58
Алматы
+35°

16 Ақпан, 2018 Әлем

ОАР-дың жаңа президенті ант қабылдады

2014 жылдан бері оппозиция президенттен мемлекетке бар қаржыны қайтаруын талап етіп келді

ОАР-дың вице-президенті Сирил Рамапоса елдің жаңа президенті ретінде ант қабылдады. Ант қабылдау рәсімі жергілікті News24 телеарнасында тікелей эфирден көрсетілді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Шараға парламент мүшелері, Могоенга судьялары, сонымен қатар журналистер мен шетелдік қонақтар қатысты.

Ол ОАР-дың бұрынғы президенті Джейкоб Зума мерзімінен бұрын отставкаға кететінін мәлімдегеннен кейін өткен парламент отырысында президент болып тағайындалды.

Айта кетейік, Джейкоб Зума өз еркімен өкілеттілігін мерзімінен бұрын аяқтайтынын туралы мәлімдеген.

«Мен республика президенті қызметінен отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. Ұйым басшылығының шешіміне келіспеуіме қарамастан, мен басқарушы партияның тәртібіне әрдайым бағындым», - деген еді Зума өз мәлімдемесінде.

Сондымен қатар, ол сенімсіздік вотумынан да, импичменттен де қорықпайтынын және бұл процедуралардың өз көшбасшыларының өкілеттігін тоқтатуда азаматтардың қолданатын заңды тетігі екендігін атап өтті.

Соңғы уақытта басқарушы партия мемлекеттік қазынаның оңды-соңды шашылуына байланысты оппозиция тарапынан қысым көріп жүрген. 2014 жылдан бері оппозиция Зумадан мемлекетке бар қаржыны қайтаруын талап етіп келді. Алайда Зума қаржы операциясы арнайы қызметтің бақылауында екенін айтып, кінәсін мойындаудан бас тартты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір