• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 08:30:46
Алматы
+35°

09 Желтоқсан, 2017 Әдебиет

О, заман да бұ, заман ер адамның босанғанын қайдан көрдің?

Сөзден жеңілген хан қырық қошқарды да сұрамай келген ізімен кері қайтқан екен.

Бірде хан Жиренше шешенді өзіне шақыртыпты. Хан ордасына келген Жиреншеге қырық қошқар санап беріпті.
Уа хан ием бұл ненің құрметіне деген Жиреншеге хан: -
ерте көктем де қырық қошқарды төлдетіп әкелесің - депті.
Содан бұйрық қатты жан тәтті деп қырық қошқарды айдап кете барыпты. Үйіне келіп көңіл-күйі жоқ ерін көрген , Қарашаш сұлу Жиреншеден жөн сұрап, ханның бұйрығын естіген соң:
-Қырық қошқарды ерте көктемге дейін сойып жеп жата берейік жауабын ханға өзім беремін - депті.
Содан қырық қошқарды ерте көктемге дейін шетінен сойып жеп жата беріпті. Қыс бітіп көктем келіп, уағдалы уақытыда жетіпті. Жиреншеден еш хабар болмайды. Шыдай алмаған хан қасына нөкерлерін ертіп, Жиреншенің ауылына жолға шығыпты. Жиренше мен Қарашашта бұдан хабарсыз емес. Хан келе жатыр дегенді естіген Қарашаш сұлу, Жиреншені жатқызып тастап, қолын қанға малып алып, ханның алдынан шығыпты.
Қарашашты көрген хан Жиреншені сұрапты. Сонда Қарашаш сұлу:
- Уа хан ием Жиренше үйде жас босанып жатыр - депті. Бұл жауапты естіген хан күліп:
- О, заман да бұ, заман ер адамның босанғанын қайдан көрдің? - деген ханға Қарашаш сұлу:
- О, заман да бұ заман қошқардың қозылағанын қайдан көрдіңіз - деген екен. Сөзден жеңілген хан қырық қошқарды да сұрамай келген ізімен кері қайтқан екен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір