• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:50:58
Алматы
+35°

25 Сәуір, 2018 Оқиғалар

Нью-Йоркта Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің тұсаукесері өтті

Іс-шара БҰҰ Өркениеттер Альянсымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы Тұрақты Өкілдігімен ұйымдастырылды.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын бастаған қазақстандық делегация БҰҰ штаб-пәтерінде (Нью-Йорк қаласы) ұйымдастырылған ағымдағы жылғы қазанда Астана қаласында өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезіне арналған «Қауіпсіз әлем үшін діндер лидерлері» тақырыбындағы Аррии формуласы бойынша БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Іс-шара БҰҰ Өркениеттер Альянсымен бірлесе отырып Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы Тұрақты Өкілдігімен ұйымдастырылды.

Ислам Нью-Йорк

БҰҰ Өркениеттер Альянсының Жоғары өкілі Насир Әбдел Әзиз Ан-Насeрдың және БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі   Қайрат Омаровтың төрағалық етуімен өткен форумға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше мемлекеттердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, «Діндер бейбітшілік үшін» дүниежүзілік конференциясының Бас хатшысы Уильям Вендли, БҰҰ жанындағы Діни үкіметтік емес ұйымдары комитетінің президенті Свами Парамешананда, «Ист парк Синагог» діни көшбасшысы Раввин Артур Шнайер және басқалары қатысты.

Аталмыш отырыс БҰҰ Өркениеттер Альянсының Жоғары өкілі Насир Әбдел Әзиз Ан-Насeрдің БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштың атынан іс-шараға қатысушаларға арналған құттықтау сөзімен ашылды.    

Ислам Нью-Йорк

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі – Съездің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкілі Берік Арын ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан презентациялық баяндамамен сөз сөйледі.   

Б. Арын қатысушыларды Қазақстанның этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудегі тәжірибесімен таныстыра отырып, БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың миссиясымен және басымдықтарымен үндескен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін шақыру бойынша Президент Н.Ә.Назарбаевтың жаһандық бастамасы туралы толық айтып берді.

Ислам Нью-Йорк

Атап айтқанда, вице-министр өзінің 15 жылдық тарихында Съезд  әрқашан күрделі жаһандық процесстердің шыңында өткізілгеніне назар аударды. Бүгінгі жағдайда халықаралық қатынастарға деген сенімділіктің  тапшылығы, жаңа сын-тегеуріндер мен мен қауіп-қатерлердің, жергілікті соғыстар мен әлемнің бірнеше өңірлеріндегі радикалды қозғалыстарды жандандырудың пайда болуына байланысты және әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамсыз ету жолында діни лидерлер мен әлемдік саясаткерлердің күш-жігерін біріктіру қажеттігі бойынша мәселе өте өзекті екендігі туралы айтылды.

Осыған байланысты БҰҰ мүше-мемлекеттер және халықаралық ұйымдар тарапынан жаһандық деңгейде дінаралық диалогты ілгерілету ісіне күш-жігер үлесін қосуға мүмкіндік беретін аталған форумның жұмысына белсенді қатысулары арқылы Мемлекет басшысымыздың  бастамасын кеңінен қолдауға үміт артатынын білдірді.

Жалпы, іс-шараға қатысушылар Қазақстанның белсенді сыртқы саясатын жоғары бағалап, күн тәртібіндегі жаһандық өзекті мәселелерді талқылады, оның ішінде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алдағы VI съезінің мазмұндық бөлігі бойынша құнды кеңестер мен ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, қатысушылар дінаралық диалогты ілгерілету бойынша да өз елдерінің тәжірибесімен және діни экстремизм мен терроризм проблемаларын шешу, бейбіт және тұрақты қоғам құру жөніндегі өздерінің көзқарастарымен бөлісті.

«Аррии формуласы» бойынша отырыстар бейресми түрде өткізіледі. Олар БҰҰ ҚК мүшелеріне икемді рәсімдер негізін пайдалана отырып, ашық түрде пікір алмасуға мүмкіндік береді. Отырыстың осындай форматы Венесуэла елшісі Диего Арриидің құрметіне аталған, ол бұл практиканы 1992 жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Венсуэла өкілі ретінде қолданған болатын (1992–1993 жылдары).

Сонымен қатар, іссапар шеңберінде вице-министр Б.Арынның  «Діндер бейбітшілік үшін» дүниежүзілік конференциясының Бас хатшысы Уильям Вендлимен және БҰҰ Өркениеттер Альянсының Жоғары өкілі Насир Әбдел Әзиз Ан-Насeрмен екіжақты кездесулері өткізілді.

Кездесулерде Б.Арын Съезд Хатшылығының Басшысы, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевтың атынан VI Съезге қатысу үшін шақыру хаттарын табыстап, сұхбаттастарды алдағы форумның күн тәртібімен таныстырды, сондай-ақ Қазақстанның  «Діндер бейбітшілік үшін» ұйымымен және Өркениеттер Альянсымен ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылады.

У. Вендли және Н. Ан-Насер шақыруды ризашылықпен қабылдап, Съезд жұмысына өздерінің қатысатындықтарын жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір