• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:44:31
Алматы
+35°

24 Мамыр, 2018 Әлеумет

Нью-Йорк соты Трампқа Твиттердегі сыншыларын бұғаттауға тыйым салды

Судья Наоми Рейс Бухвальд "сын айтушылардың аккаунттарын бұғаттау Конституцияға енгізілген өзгерістере қайшы әрекет" дейді.

Судья Наоми Рейс Бухвальд "сын айтушылардың аккаунттарын бұғаттау Конституцияға енгізілген өзгерістере қайшы әрекет" дейді.

Сәрсенбі күні Нью-Йорк соты АҚШ президенті Дональд Трампқа Twitter-де теріс пікірлер қалдырғандардың парақшаларын бұғаттай алмайтыны туралы қаулы қабылдады.

Судья Наоми Рейс Бухвальдтің айтуынша, Трамтың жазбаларына сын айтушылар өз пікірлерін еркін жеткізуге құқылы. Егер Трамп оларды бұғаттаса, Конституциядағы сөз бостандығын бұзған болады.

Бухвальд Twitter-дің интерактивті орта екенін ескертті. Онда кез келген адам Трамптың әр жазбасына түрлі әсер білдіруге құқылы. Ал Трамп әр сыни пікір қалдырған желі қолданушысын бұғаттап отырса, саяси дискуссияны шектейді, сонымен қатар АҚШ Конституциясына қайшы әрекет етеді.

Трампқа сыни пікір жазамын деп аккаунты бұғатталған азамат парақшасына Рим әкесі Францисктің Трампқа алаңдап қарап отырған қысқаша видеосын жариялап, мазмұынан «Бүкіл әлем сізге осындай көзқараспен қарап отыр» деп жазып қойған.

Айта кетейік, АҚШ-тың арнайы прокуроры Роберт Мюллер бір жылдан аса уақыт бойы АҚШ-та 2016 жылы өткен  президент сайлауына Ресейдің қатысы бар-жоғын, бұған қоса бұл тергеуге Трамптың бөгет келтіру мүмкіндігін тексеріп келеді. Осыған орай президентті сынаушылар күн сайын артып әрі АҚШ басшысын кінәлі деп тауып, Трамп пен оның отбасы мүшелеріне түрме киімін кигізіп қойған. Енді бірі  мультфильмдердегі күлкілі кейіпкерлерге айналдырған.

Ал президенттің жақтаушылары керісінше Трамптың «Америка батыры» болып тұрған суреттерін жариялап, 2020 жылғы сайлауда да Трампты президент ретінде көрсетіп әлек.

Дональд Трамп әлеуметтік желіні белсенді қолданатын әлемдегі жалғыз президент. Президент Twitter желісінде жиі отыруын "халықпен жақын болу үшін" деп түсіндірген еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір