• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 04:31:05
Алматы
+35°

10 Қаңтар, 2018 Саясат

Нұрсұлтан Назарбаевқа шетел Елшілері сенім грамотасын табыстады

Мемлекет басшысы дипломаттардың жұмыстары қызықты және жауапты кезеңге тұспа-тұс келіп отырғандығын баса айтты

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада бірқатар шетел Елшісінен  сенім грамотасын қабылдады.  Атап айтқанда,  Швед Корольдігінің Елшісі Матс Фойер, Куба Республикасының Елшісі Эмилио Певида Пупо, Үндістан Республикасының Елшісі Прабхат Кумар, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия елінің Елшісі Майкл Джон Гиффорд ҚР Президентіне сенім грамотасын табыстады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Бүгін сіздердің Қазақстандағы дипломатиялық миссияларыңыз ресми түрде басталады. Осы айтулы күнге орай баршаңызды жаңа қызметтеріңізбен құттықтаймын. Жауапты әрі мәртебелі миссияларыңызда елдеріміздің арасындағы ынтымақтастықты жан-жақты дамытуға серпін тигізеді деп сенемін», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы өз сөзінде дипломаттардың жұмыстары қызықты және жауапты кезеңге тұспа-тұс келіп отырғандығын баса айтты.

«Бүгінде әлем жаһандық өзгерістер қарсаңына түсті.  Жаңа технологиялар әлем елдері экономикасының бәсекеге қабілеттілігін,  адамның өмір салтын өзгертеді. Сондықтан Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауымды жарияладым. Мен экономиканы, әлеуметтік саланы, сондай-ақ мемлекеттік басқару ісін дамытудың негізгі бағыттары бойынша нақты 10  міндет қойдым. Бұл міндеттерді шешу заманауи  технологияларды пайдалануды көздейді. Жаңа цифрлық дәуірге табысты бейімделу, озық дамыған 30  елдің қатарына қосылу мәселесіне көмектеседі. Сол үшін бізде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, іске асырылып жатыр. Ол экономика мен тіршіліктің барлық саласын қамтиды», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір