• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:06:25
Алматы
+35°

15 Мамыр, 2018 Аймақтар

Нұрсұлтан Назарбаев «Жайық Агро LTD» ЖШС кәсіпорнының жұмысымен танысты

Мемлекет басшысына кәсіпорынның өндірістік қуаты және дайын өнімнің сатылуы жөнінде мәлімделді

Президент Назарбаев Батыс Қазақстан облысындағы келесі сапарын тауық етін өндіруге және дайындауға маманданған «Жайық Агро LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тағам кәсіпорнының жұмысымен танысты, - деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Елбасының жыл басындағы жолдауында "Жаңа технологиялар мен бизнес-модельдерді енгізу, агроөнеркәсіп кешенінің ғылымға негізделуін арттыру шаруашылықтарды кооперациялау қажеттігін күшейтеді, - деп айтылған.

Мемлекет басшысына кәсіпорынның өндірістік қуаты және дайын өнімнің сатылуы жөнінде мәлімделді.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа «Мясодел» және «Кублей» брендтерінің ет өнімдерін дайындаумен және өндірумен айналысатын жергілікті кәсіпорындардың жұмыстары туралы баяндалды.

«Жайық Агро LTD» кәсіпорны жылына 7200 тонна құс етін өндіреді. Бұл орайда, өнімнің 90 пайызы ішкі нарыққа жіберілсе, ал 10 пайызы сыртқы нарыққа шығарылады.

Қазақстан Президентіне кәсіпорынның қазіргі қаржы-шаруашылық жағдайы туралы мәлімделіп, өндіріс ауқымын ұлғайту және дайын өнім тізбесін кеңейту жоспары жөнінде айтылды.

Сондай-ақ, фабриканы аралау кезінде Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы, соның ішінде өнеркәсіп секторының, шағын және орта бизнестің қазіргі ахуалы мен перспективалары жөнінде баяндалды.

Бұдан бөлек, кәсіпорын аумағында Мемлекет басшысына индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, фин технологиясы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу жүйесін жаңғырту, ірі қара мен ұсақ малдың терісін өңдеу, нан және макарон өнімдерін өндіру, химия өндірісі, дизель отынының компоненттерін сумен тазалауға арналған жобалар бар.

«Квант» компаниясы поролон, матрас, жиынтық және жұмсақ жиһаз жасаумен айналысады. Өндірісте қолданылатын барлық материал экологиялық тұрғыдан таза әрі мемлекеттік стандарттарға сай келеді.

Бұл жиһаздар еуропалық тауар өндірушілердің заманауи құрал-жабдығымен және озық технологияларды қолдану арқылы жасалады.

Бұдан кейін Елбасы тауық етін өндіруге және дайындауға маманданған «Жайық Агро LTD» ЖШС-ның тағам кәсіпорнының жұмысымен танысты.

Мемлекет басшысына кәсіпорынның өндірістік қуаты және дайын өнімнің сатылуы жөнінде мәлімделді.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа «Мясодел» және «Кублей» брендтерінің ет өнімдерін дайындаумен және өндірумен айналысатын жергілікті кәсіпорындардың жұмыстары туралы баяндалды.

«Жайық Агро LTD» кәсіпорны жылына 7200 тонна құс етін өндіреді. Бұл орайда, өнімнің 90% ішкі нарыққа жіберілсе, ал 10% сыртқы нарыққа шығарылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір