• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:12:25
Алматы
+35°

12 Шілде, 2018 Саясат

Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығына ие болды

Биыл 5 шілдеде парламент мүшелері заңды мақұлдап, Мемлекет басшысы заңға қол қойған болатын.

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығына ие болды. Тиісті заң «Егемен Қазақстан» газетінде бейсенбіде жарияланып күшіне енді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Биыл 5 шілдеде парламент мүшелері осы заңды мақұлдап, Мемлекет басшысы заңға қол қойған болатын. Қазақстанның Конституциялық кеңесі құжатты Конституцияға сәйкес деп таныды. “Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасына өмір бойы Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болу құқығы берілді”, – делінген жарияланған заңда.

Әділет министрі Марат Бекетаев «Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару туралы шешімі тұрақтылықтың сақталуы мен нығаюының факторы» деп мәлімдеген.

Заңның толық мәтіні төмендегідей:

Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы

Осы Заң Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің құқықтық мəртебесін, құзыретін жəне қызметін ұйымдастыруды айқындайды.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің құқықтық мəр тебесі жəне қызметінің негізі

  1. Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі (бұдан əрі – Қауіпсіздік Кеңесі) ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, конституциялық құрылысты, мемлекеттік тəуелсіздікті, аумақтық тұтастықты жəне халықаралық аренада Қазақстанның ұлт тық мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті құратын жəне Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізуді үйлес тіретін конституциялық орган болып табылады.
  2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына оның тарихи миссиясына байланысты Қауіпсіздік Кеңесін Төраға ретінде басқару құқығы өмір бойы тиесілі.
  3. Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын Қазақстан Республикасының Президенті Қауіпсіздік Кеңесі нің Төрағасымен келісе отырып қалыптастырады.
  4. Қауіпсіздік Кеңесі қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, Қауіпсіздік Кеңесі туралы ереже, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері жəне Қазақстан Республикасының халық аралық шарттары құрайды.
  5. Қауіпсіздік Кеңесі қызметінің осы Заңмен реттелмеген мəселелері Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережемен реттеледі.

2-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің міндеттері

  1. Қауіпсіздік Кеңесінің негізгі міндеттері елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қорғаныс қабі летін нығайту, заңдылық пен құқықтық тəр тіпті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік сая саттың негізгі бағыттарын жоспарлау, қарау жəне олардың іске асырылуын бағалау болып табылады. Қауіпсіздік Кеңесі Қазақстан Республикасының заң намасына жəне Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының ше шімдеріне сəйкес өзге де міндеттерді орындайды.
  2. Қауіпсіздік Кеңесі өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін тиісті шешімдер мен ұсынымдарды əзірлейді жəне қабылдайды, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіреді.

3-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің функциялары

Қауіпсіздік Кеңесінің функциялары мыналар болып табылады:

1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ел дің ұлттық қауіпсіздігі мен халықаралық ұстанымдарын, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, заңдылық пен құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету саласындағы іс-шараларды іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру;

2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жəне Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерін іске асыру мақсатында құқық қорғау жəне арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

3) ел дамуының аса маңызды бағыттары бойынша мемлекеттің стратегиялық құжаттарының орындалу жай-күйін мониторингтеу жəне бағалау;

4) мемлекеттік бағдарламаларды, заң жобаларын, маңызды сыртқы саяси жəне мемлекеттік мəні бар өзге де бастамаларды, сондай-ақ елдегі жағдайдың дамуын, əлемдік жəне өңірлік үрдістерді кешенді талдау жəне бағалау, ұлттық қауіпсіздіктің ішкі жəне сыртқы қатерлерін болжау, олардың алдын алу жəне оларды бейтараптандыру жөніндегі ұсыныстарды əзірлеу жəне шараларды айқындау;

5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін, құқықтық тəртіп ті қамтамасыз ету саласындағы қызметінің нəтижелері мен негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы баяндамасын тыңдау;

6) елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабі летін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мəселелері бойынша мем лекеттік органдардың бірінші басшыларын тыңдау;

7) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін жəне құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету саласындағы заңдарының орындалуын, оның ішінде осы мақсаттарға жұмсалатын қаражаттың тиімді пайдаланылуын бақылауды ұйымдастыру;

8) орталық жəне облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жəне астананың жергі лікті атқарушы органдарының, сондай-ақ Қазақ стан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын жəне есеп беретін мемлекеттік орган дардың бірінші басшы лауазымдарына тағайындауға ұсынылатын кандидатураларды талқылау;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес өзге де функциялар.

2-тарау. ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

4-бап. Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының өкілеттіктері

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы:

1) Қауіпсіздік Кеңесінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;

2)Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары мен жедел кеңестерін шақырады;

3) Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелеріне тапсырмалар береді;

4) Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережені бекітеді;

5 ) Қ а у і п с і з д і к К е ң е с і А п п а р а т ы н ы ң ұйымдық-құқықтық мəртебесін айқындайды, оның Ережесі мен құрылымын бекітеді;

6) Қауіпсіздік Кеңесінің қызметіне қатысты актілерді, оның ішінде нормативтік құқықтық сипаттағы актілерді шығарады;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

5-бап. Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің өкілеттіктері Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері:

1) Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары мен жедел кеңестеріне, Қауіпсіздік Кеңесі күн тəртібіндегі мəселелер бойынша шешімдер қабылдаған кезде талқылау мен дауыс беруге қатысады;

2) өз құзыреті шегінде Қауіпсіздік Кеңесі шешім дерінің орындалуын қамтамасыз етеді, Қауіпсіздік Кеңесінің жəне Қауіпсіздік Кеңесі жедел кеңестерінің тиісті шешімдерінің орындалуын үйлестіреді жəне бақылайды;

3) Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережеге, Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріне жəне Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының тапсырмаларына сəйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

6-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің қызмет нысандары мен шешімдері

  1. Қауіпсіздік Кеңесі өз қызметін отырыстар мен жедел кеңестер нысанында, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережеде айқындалатын өзге де нысандарда жүзеге асырады.
  2. Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының немесе Төрағаның уəкілеттік беруі бойынша Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің бірінің төрағалық етуімен өткізіледі. Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарын өткізу мерзімділігін Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы айқындайды.
  3. Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде заңды болады. Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің өз өкілеттіктерін өзге адамдарға беруіне жол берілмейді.
  4. Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдері қатысып отырған Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің даусы шешуші болып табылады.
  5. Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдері Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы бекіткеннен кейін күшіне енеді, қажет болған кезде олар Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен іске асырылады.
  6. Қауiпсiздiк Кеңесiнің жəне Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешiмдері мiндеттi болып табылады жəне Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдары мен лауазымды адамдарының мүлтіксіз орындауына жатады.
  7. Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары мен жедел кеңестерін, Қауіпсіздік Кеңесі жұмысының өзге де нысандарын ұйымдастыру мен өткізу, Қауіпсіздік Кеңесі шешімдерінің орындалуын бақылау тəртібі Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережеде айқындалады.

7-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты

1.Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін ақпараттықталдамалық жəне ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты жүзеге асырады, ол Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына бағы натын жəне есеп беретін мемлекеттік орган болып табылады. Қауіпсіздік Кеңесінің, Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жүзеге асырылады.

  1. Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратын Қазақстан Республикасының Президенті Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасымен келісе отырып лауазымға тағайындайтын жəне лауазымынан босататын, лауазымды адам болып табылатын Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы басқарады, ол Төрағаға тікелей бағынады жəне есеп береді.
  2. Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының, Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін, олардың шешімдерін сөзсіз жəне түпкілікті орындауды, сондай-ақ олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты мемлекеттік органдар мен ұйымдарға орындалуы міндетті тапсырмалар беруге құқылы.
  3. Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылады жəне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сəйкес лауазымдарға та ғайындалады жəне лауазымдарынан босатылады.

3-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

8-бап. Қауіпсіздік Кеңесінің жəне Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының қызметін қаржыландыру Қауіпсіздік Кеңесін жəне Қауіпсіздік Кеңесінің Аппа ратын ұстауға арналған шығыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгі ленген тəртіппен республикалық бюджеттен қаржыландырылады.

9-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тəртібі

Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 5 шілде

№ 178-VI ҚРЗ

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір