• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 08:40:32
Алматы
+35°

15 Мамыр, 2018 Аймақтар

Президенттің Батыс Қазақстан облысына сапары жалғасып жатыр, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан Президенті қаладағы орталық алаңды аралап көргеннен кейін, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының іске асырылу барысымен және Орал қаласын одан әрі дамыту жоспарымен танысты.

Елбасы жолдауында "Әкімдер тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жетілдіру мәселесін мемлекет-жекеменшік серіктестігі негізінде белсенді шешуі керек", - деп айтылған болатын.

Ағымдағы жылы наурыз айында Нұрсұлтан Назарбаев бастаған бес әлеуметтік бастамадағы бірінші кезектегі мәселе - "әрбір отбасыға баспана алудың жаңа мүмкіндіктері" болды. 

Мемлекет басшысы ұсынған 5 бастаманың алғашқысы – еліміздің әр отбасына баспана алуға мүмкіндік беру. Былтырдың өзінде 11,2 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл ел тарихында болмаған рекордтық көрсеткіш. Дегенмен, халықтың көбінде баспана жоқ. Президент мұны ескеріп «7-20-25» бағдарламасын ұсынды.

- Жұмыс істейтін әрбір қазақстандық төмендегідей шарттар бойынша теңгемен несие алу мүмкіндігіне ие болады. Несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 проценттен аспайтын болады. Қазір банктер бастапқы жарнаға баспана құнының 30 процентіне дейін, кейде тіпті 50 процентін салуды талап етсе, бұл бағдарлама бойынша ол 20 проценттен аспауға тиіс, - деген болатын Елбасы.

Мемлекет басшысына ескі үйлерді бұзып, орнына жаңа үй салу, сондай-ақ әлеуметтік сала нысандарының құрылысына инвестиция тарту барысы жөнінде мәлімделді.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа «Ақылды қала» тұжырымдамасы аясындағы жобалардың іске асырылуы туралы баяндалды.

Елбасы, сондай-ақ, өңір жұртшылығымен кездесті. Онда тұрғындар Мемлекет басшысына «Бес әлеуметтік бастаманың» қабылданғаны үшін алғыс білдірді.

Қазақстан Президенті елімізде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік бағдарламалар қоғамның, әсіресе жастардың, мейлінше өзекті проблемаларын шешуге бағытталғанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан қоғамында бейбітшілік пен келісімді сақтаудың маңыздылығына тоқталып, еліміздің қарқынды экономикалық дамуы үшін өңірлік және халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың мәні зор екенін айтты.

Әңгімелесу соңында Елбасы облыс тұрғындарына табыс пен бақ-береке тілеп, Қазақстанды өркендету ісіне белсенді атсалысуға шақырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір