• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:21:53
Алматы
+35°

28 Сәуір, 2018 Саясат

Нұрсұлтан Назарбаев кадрлық ауыс-түйіс жасады

Қазақстанның шетелдегі елшілері тағайындалды.

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық өзгерістер жасады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік турист ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Андорра Князьдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Константин Васильевич Жигалов Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы, Доминикан Республикасындағы, Ямайкадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды;

Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Ол мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Erkebulan Nurekesh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір