• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:19:23
Алматы
+35°

04 Шілде, 2018 Әлеумет

Нұрсұлтан Назарбаев: Әкем бағбан болатын

Мен сол бақта өстім, алма ағаштарын күтетінмін, су құйып, өскен соң теріп тұратынмын.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Жетісу» саябағының ашылуы кезінде өзінің әкесі жайлы сөз қозғады. Елбасының әңгімесінен үзінді видеоны Ақорданың Instagram-дағы парақшасы жариялады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Мен – бақта өскен адаммын. Әкем бағбан болатын. Үйіміздің айналасында 25 сотық жер болатын, ол кезде үлкен аула еді. Ол аулада алма ағаштары жайқалып өсіп тұратын. Әкем бақшадағы ағаштың түбінен-ақ қай ағаш екенін білетін, оны маған үйрететін: мұнда алма, мына жақта алмұрт. Нағыз Мичурин болатын.

Мен сол бақта өстім, алма ағаштарын күтетінмін, су құйып, өскен соң теріп тұратынмын. Көктемде Алматыға апарып, сататынбыз. Біздің отбасы солай күн көретін», - деді президент.

 

A post shared by AkordaPress (@akordapress) on

Бұдан бұрын Ақорда Елбасының балалық шағын еске алған сәтін жариялаған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір