• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 16:57:14
Алматы
+35°

15 Желтоқсан, 2017 Саясат

Нұротандықтар мемлекеттік және партиялық наградалармен марапатталды

Елбасымыздың дана басшылығымен тәуелсіздігіміздің ширек ғасырдан астам уақытында еліміз толайым табыстарға қол жеткізді.

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында партия қызметкерлерін мемлекеттік және партиялық наградалармен марапаттау салтанаты өтті. Іс-шараға партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед қатысып, нұротандықтарға лайықты наградаларын салтанатты жағдайда табыс етті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Елбасымыздың дана басшылығымен тәуелсіздігіміздің ширек ғасырдан астам уақытында еліміз толайым табыстарға қол жеткізді. Бүгінде Қазақстан әлемдік қауымдастықта аса зор абырой-беделге ие, алпауыт елдердің өзі санасатын мемлекетке айналды. Біздің ендігі міндетіміз – Елбасымыз айқындап берген басым бағыттан жаңылмай, жаңа биіктер мен белестерге нық қадам басу», – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары тәуелсіздік күні қарсаңында бүкіл еліміз бойынша жұмыс қорытындысы шығарылып, үздік қызметкерлерді марапаттау дәстүрі қалыптасқанына назар аударды. Осыған орай партияның дамуына және Тәуелсіз Қазақстанның нығаюына қосқан үлесі үшін бірқатар партия қызметкерлері мемлекеттік және партиялы атақтарға ие болды.

Атап айтқанда, мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Иассы» консорциумының төрағасы Үмбет Жүсіпбаев, Ақтөбе облысы іскер әйелдері қауымдастығының төрайымы Күлшат Мәсәлімова, Атырау облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев, партия Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі Асқар Смағұлов, партия Орталық аппараты басшысының орынбасары Балжан Шәменова, «Алматы-2 темір жолы» бастауыш партия ұйымының төрағасы Асқар Шүкірбеков «Құрмет» орденімен марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен партия Орталық аппараты Баспасөз қызметінің басшысы Әлия Бөриева, Солтүстік Қазақстан облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Олег Завьялов, Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәрия Қалыбаева, Павлодар технологиялық колледжінің директоры Қабылқақ Қапенов, Алматы қалалық партия филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің консультанты Рахия Құлашбекова және партия жанындағы Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Юлия Кучинская, партия Орталық аппараты Стратегия және мониторинг департаментінің директоры Серік Сәтиев, Астана қаласындағы «Өркениет» аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәрия Өтебаева, Маңғыстау облысындағы «Жауқазын» балабақшасының директоры Мәнет Шырақбай марапатталды.

«Шапағат» медалі Ақмола облысы мүгедектері ерікті қоғамының төрағасы Серік Әкімбаевқа табыс етілді.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен Қарағанды облыстық партия филиалы қоғамдық қабылдау бөлмесінің сарапшысы Жамал Бажаева, Қостанай облысындағы Жітіқара аудандық партия филиалының есепке алу және статистика секторының меңгерушісі Инесса Богатырева, Алматы облыстық партия филиалының заңгер-консульты Төлеген Жанысбек, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айжан Нысанбаева, Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Болат Омаров, партия Орталық аппаратының бухгалтері Жәмилия Сәрсембаева, партия Орталық аппараты Ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаментінің инспекторы Марат Смағұлов, «АСАР» Жамбыл облысы мүгедектер ұйымдарының одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Руслан Төлегенов және партия Орталық аппараты Кадрлық саясат департаментінің консультанты Лаура Өмірсейітова марапатталды.

Сондай-ақ, бірқатар нұротандықтар Қазақстан Республикасының Президенті, партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық бағытын, «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық бағыттары мен міндеттерін іске асыруға белсенді атсалысқаны және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай партиялық наградалармен марапатталды. Атап айтқанда, «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісін партия хатшысы Қаныбек Жұмашев, Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы Төрағасының Бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков, «Литер» газетінің Астана қаласындағы меншікті тілшісі Татьяна Криворотько, Алматы облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев, Ертіс өндірістік кешені Ертіс шахтасының бастығы Қуаныш Рақымов иеленді. Одан бөлек, партияның «Құрмет грамотасымен» 18 адам марапатталды.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір