• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:47:46
Алматы
+35°

06 Наурыз, 2018 NEWS

«Нұрлы жер» мен «7-20-25» екі бөлек жұмыс істейді

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек жаңа ипотекалық «7-20-25» бағдарламасын түсіндірді

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек жаңа ипотекалық «7-20-25» бағдарламасына түсіндірме беріп өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Мына нәрсені ескеру керек, 7 пайыздық ипотека банктер арқылы берілмейді, Үкімет пен Ұлттық банк арнайы компанияны құратын болады. Аталған компания арзан ипотеканы берумен айналысады. Мәселен, қазіргі кезде екінші деңгейлі банктерде ипотеканың жылдық мөлшерлемесі 15-17 пайызды құрайды. Ал жаңа компанияны Ұлттық банк субсидиялайды. Соның арқасында 7 пайыздық ипотека беруге мүмкіндік болады. Аталған шара тұрғын үйдің сапасына кері әсерін тигізбейді», — деді министр.

Министрдің айтуынша, Қазақстанның ипотекалық компаниясы жаңа бағдарламаға араласпайды. Аталған ұйым өз қызметін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жалғастыра береді. 

Nazerke Musa

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір