• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:06:24
+35°

26 Ақпан, 2018 NEWS

Нұрлан Ермекбаев Мүфтиятпен арадағы қарым-қатынасқа бес деген баға берді

Н. Ермекбаевтың айтуынша, министрлік діни басқармаға әртүрлі бағыттағы маңызды мәселелерді шешуде қолдау көрсетеді

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қостанай облысының  азаматтық қоғам өкілдерімен кездесіп,  Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді. Кездесу барысында қатысушылардың бірі министр Ермекбаевқа сұрақ қойып, Министрлік пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арасындағы өзара іс-қимылды бес балдық шкала негізінде қалай бағалайтынын сұрады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Біз Қазақстандағы барлық ресми тіркелген діни бірлестіктермен, соның ішінде Қазақстанның ең ірі діни бірлестігі - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен де сындарлы қарым-қатынаста жұмыс жасаймыз», - деді министр Нұрлан Ермекбаев.

Н. Ермекбаевтың айтуынша, министрлік діни басқармаға әртүрлі бағыттағы маңызды мәселелерді шешуде қолдау көрсетеді.

«Діни саладағы барлық ұсыныстарымыз бен шешімдеріміз бойынша біз ҚМДБ басшылығымен алдын-ала консультациялар өткіземіз, олармен кеңесеміз, сондай-ақ басқа да ірі конфессиялар басшылығымен кеңесеміз. Сондықтан, Муфтиятпен өзара байланысмызға бес деген баға беремін. Сондай-ақ  Қазақстандағы екінші үлкен конфессия болып табылатын Орыс православие шіркеуімен де өзара іс-қимылымызды бес деген баллмен бағалаймын.  Ал, іс-қимыл әріптестігіміз белсенді жүрмей отырған өзге конфессиялармен байланысымызды 4 баллмен бағалауға болады. Бірақ одан төмен емес»  - деп жауап берді Нұрлан Ермекбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 23-24 ақпан күндері министр Нұрлан Ермекбаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың халық алдындағы есептік кездесуіне қатысты. Сондай-ақ, министр облыстағы  бірқатар ұйымдарды, өңірдегі мәдени және рухани  нысандарды аралады. Оның шінде Аймағанбетқажы Спанұлы атындағы облыстық мешітіне барып, имамдармен кездесуінде ҚМДБ-ның облыстық филиалы жұмысындағы мәселелерді талқылады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір