• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:06:13
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2018 Спорт

Нұрлан Ақүрпеков: Команданың ғана емес, Қазақстанның абыройы үшін айқасамыз

Нұрлан Ақүрпеков Атырауда өтетін алдағы айқас туралы өз пікірін білдірді.

«Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының құрамына енетін «Астана арландары» бокс клубының бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков Дүниежүзілік бокс сериясы жартылай финалының жауапты жекпе-жек кешінде шаршы алаңға шығатын боксшыларының тізімін таныстырып, Атырауда өтетін алдағы айқас туралы өз пікірін білдірді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

– Нұрлан Сәкенұлы, Шеффилдтегі жекпе-жек кеші көңіліңізден шықты ма?

– Біз Англияға тек жеңіс үшін бардық. Рас, шаршы алаң иелері бізден мұндай қарқын күткен жоқ. Жекпе-жек өз жерінде өткен соң қалайда жеңеміз деп ойлады. Біз «Тұманды Альбионға» мықты боксшыларымызды апардық. Біздің жеңісіміз заңдылық. Әйтсе де жолда «екі боксшымыз жеңіп қайтса да, жаман емес» деп ойлағанмын. Мен күткеннен де жақсы нәтижеге жеттік.

– Атыраудағы шаршы алаңға шығатын жігіттерді таңдап қойдыңыз ба?

– Иә, біз өзара спаррингтер өткіздік. Жаттығуларда байқап жүрдім. Дәл қазіргі кезде айқасқа кімдер дайын, шаршы алаңға солар шығады. Оның үстіне, бізге Қазастан ұлттық құрамасының боксшылары да қосылып, құрамды біраз күшейтті. Жеңіске деген жігеріміз жақсы. Мұнда бір ғана команданың емес, елдің абыройы да тұрғанын ұмытпау керек. Біз алдағы жекпе-жекке дайынбыз.

– Шаршы алаңға шығатын жігіттердің есімдерін атап өтсеңіз...

–  52 келіде Сәкен Байбосынов, 60 келіде Закир Сафиуллин, 69 келіде Асланбек Шымбергенов, 81 келіде Бек Нұрмағанбет, ал алыптар айқасында Қамшыбек Қоңқабаевқа сенім артып отырмыз.

– Қарсыластарыңызға қандай баға бересіз?

– «Арыстан жүректілер» – осы жобаның ең мықты командаларының бірі. Топтық кезеңде бірде-бір кездесуде жеңілмей, өз тобында бірінші орынды иемденді. Атыраудағы айқасқа британдықтар қосалқы құрамдағы жігіттерін әкеле жатқан секілді, бірақ босаңсуға әсте болмайды. Бәлкім олардың қосалқы құрамы негізгі құрамдағы боксшыларынан да мықты шығар. Қалай десек те өз жерімізде бізге тек жеңіс керек.

– Ал «Куба батырлары» мен «Франция әтештері» текетіресі жайлы не айтасыз? Финалға шығып жатсақ, қайсысы бізге қарсылас болуы мүмкін?

– Кубалықтар финалға қиналмай шығады-ау. Егер француздар өз жерінде ұта алмаған болса,

Нұрлан АҚҮРПЕКОВ, «Астана арландары» бокс клубының бас бапкері – Команданың ғана емес, бүкіл Қазақстанның абыройы үшін айқасамыз

«Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының құрамына енетін «Астана арландары» бокс клубының бас бапкері Нұрлан Ақүрпеков Дүниежүзілік бокс сериясы жартылай финалының жауапты жекпе-жек кешінде шаршы алаңға шығатын боксшыларының тізімін таныстырып, Атырауда өтетін алдағы айқас туралы өз пікірін білдірді.

– Нұрлан Сәкенұлы, Шеффилдтегі жекпе-жек кеші көңіліңізден қаншалықты шықты?

– Жеңілсек көңілім толмас еді. Біз Англияға тек жеңіс үшін бардық. Рас, шаршы алаң иелері бізден мұндай қарқын күткен жоқ. Жекпе-жек өз жерінде өткен соң қалайда жеңеміз деп ойлады. Дегенмен «Тұманды Альбионға» мықты боксшыларымызды апардық. Біздің жеңісіміз заңдылық. Әйтсе де жолда кетіп бара жатқанда «екі боксшымыз жеңіп қайтса да, жаман емес» деп ойлағанмын. Мен ойлағаннан жақсы нәтиже шықты.

– Атыраудағы шаршы алаңда айқасатын жігіттерді таңдап қойдыңыз ба?

– Иә, біз өзара спаррингтер өткіздік. Жаттығуларда байқап жүрдім. Дәл қазіргі кезде айқасқа кімдер дайын, шаршы алаңға солар шығады. Оның үстіне, бізге Қазастан ұлттық құрамасының боксшылары да қосылып, құрамды біраз күшейтті. Жеңіске деген жігеріміз жақсы. Мұнда бір ғана команданың емес, елдің абыройы да тұрғанын ұмытпау керек. Жалпы, біз алдағы жекпе-жекке дайынбыз.

– Ендеше шаршы алаңға шығатын жігіттердің есімдерін атап өтсеңіз...

–  52 келіде Сәкен Байбосынов, 60 келіде Закир Сафиуллин, 69 келіде Асланбек Шымбергенов, 81 келіде Бек Нұрмағанбет, ал алыптар айқасында Қамшыбек Қоңқабаевқа сенім артамыз.

– Ал қарсыластарыңызға қандай баға бересіз?

– «Арыстан жүректілер» – осы жобаның ең мықты командаларының бірегейі. Топтық кезеңде бірде-бір кездесуде жеңілмей, өз тобында бірінші орынды иемденді. Атыраудағы айқасқа британдықтар қосалқы құрамдағы жігіттерін әкеле жатқан секілді. Бірақ, босаңсуға әсте болмайды. Бәлкім, олардың қосалқы құрамы негізгі құрамдағы боксшыларынан да мықты шығар. Қалай десек те, өз жерімізде бізге тек жеңіс керек.

– Ал «Куба батырлары» мен «Франция әтештері» текетіресі жайлы не айтасыз? ФИналға шығып жатсақ, қайсысы бізге қарсылас болуы мүмкін?

– Бұл жерде бәрі түсінікті ғой. Кубалықтар финалға қиналмай шығады-ау. Егер француздар өз жерінде ұта алмаған болса, оларға қиынға соқпақ. Егер жеңіп кетсе, нағыз сенсация сонда болады. Өз басым финалда Францияның командасымен кездесуді қалар едім. Кубалықтардан қорқып тұрғаным жоқ, тек біз олармен соңғы кездері өте жиі кездесетін болдық. Дегенмен кубалықтармен де айқасуға дайынбыз. Былтыр олармен осы жобаның финалында кездескенбіз. Негізгі есеп 5:5 нәтижесімен тең аяқталып, қосымша жекпе-жекте жеңіс бізге бұйырған. Егер екі команда қайта жолықсақ, былтырғы сценарийдің қайталануы ғажап емес.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік бокс сериясының бірінші жартылай финалы аясында «Тұманды Альбионға» барып қайтқан «Астана арландары» Шеффилдте жергілікті «Арыстан жүректілерден» 3:2 есебімен басым түскен. Енді қарымта айқас 26 мамырда Атырауда өтеді. Өз кезегінде кубалықтар да дәл осындай есеппен Парижде «Франция әтештерін» жеңген болатын. Олар финалға кім шығатынын 25 мамырда Гаванада өтетін өзара айқаста анықтайды.

Сұхбаттасқан "Астана" Президенттік клубы баспасөз  қызметінің журналисі Карина Жакеева

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір