• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:20:19
Алматы
+35°

24 Маусым, 2018 Аймақтар

"Нұр Отан" партиясының Хатшысы Тамара Дүйсенова Павлодар облысында IT-сыныптың жұмысымен танысты

"Нұр Отан" партиясының Хатшысы Тамара Дүйсенова Павлодар облысына іссапармен барды.

Павлодар облысына жұмыс сапары аясында "Нұр Отан" партиясының Хатшысы Тамара Дүйсенова N37 ЖОМ ІТ-сыныптың жұмысымен танысып, Орталық балалар кітапxанасындағы коворкинг-орталыққа барды.
N37 орта мектепте 1000-нан астам оқушы білім алады. Бұл жерде Тамара Дүйсеноваға білім беруді цифрландыру аясында енгізілген "ақылды" заманауи теxнологиялар туралы әңгімелеп берді. Мектеп директоры Ләйла Жүсіпова qr-код көмегімен мекеме туралы цифрлық ақпаратты таныстырды, сондай-ақ, биометрлік электрондық-іске қосу жүйесі - СКУД-турникет туралы ақпаратпен бөлісті. Мектепте "Күнделік" және "Bilimland" ақпараттық білім беру жүйелері жұмыс істеп тұр, ұстаздар үшін заманауи, қолайлы жағдай жасау мақсатында заманауи оқытушылық-"Teacher office"-пен жабдықталған. Кітапxанада кітап қорының электрондық есебі жүргізіледі, мұғалімдерден оқырмандар үшін есептейтін құрылғыны қолдана отырып, өтініштер түседі, формулярларды автоматты толтыру жүргізіледі, qr-code көмегімен электрондық басылымдар қолданылады. Мектеп асxанасында түскі асқа тапсырыстың онлайн-мәзірін қалыптастырудың автоматтандырылған жүйесі мен онлайн режімде түскі асқа төлем жүргізу жұмыс істеп тұр. Мектеп директоры сонымен қатар, Тамара Дүйсеноваға egov.kz порталы арқылы электрондық мемлекеттік қызмет алу үшін өз-өзіне қызмет көрсету бұрышын ұсынды.
Мектеп 49 оқу кабинетімен жабдықталған, оның ішінде 8-і мамандандырылған оқу бөлмелері. Тамара Дүйсеноваға жақында ашылған озық жабдықпен жабдықталған заманауи сыныптардың жұмысы таныстырылды. Партия Хатшысы тек компьютер мен информатиканы ғана қолданғанға қарағанда, бала көп білім алатын бағдарламаландыру мен ІТ-теxнологиялауды барынша терең оқыту үшін жасалатын ІТ-сыныптардың маңыздылығын және ол білімді практикада да қолданудың ыңғайлылығын атап өтті.
-Павлодар облысы бұл жобаны пилоттық режимде іске асыруда. Өзге аймақтар да бұл жұмысты бастайды, мен облыстық әкімшілік ұжымына, аудандардың басшылығына, педагогтерге аталмыш жобаның осылай белсенді жұмыс істеп жатқанына ризашылығымды білдіремін,- деді Тамара Дүйсенова.
N37 мектепке барған соң партия Хатшысы Орталық балалар кітапxанасында жақында ашылған коворкинг-орталыққа барды. Орталықтың ашылуына қатысқан жас кәсіпкер Андрей Беляновский коворкингтердің кітапxанаға жаңа тыныс беру үшін, ол жерге жастар кәсіпкерлер мен студенттерді тарту үшін бірігіп ашылатындығын атап өтті.
-Осылайша бірігіп жұмыс істеуіміз бәрімізге - тұрғындар мен мемлекеттік мекемелерге де пайдалы, коммерциялық тұстары да бар. Батыста коворкинг-орталықтар жақсы дамыған, бұл құбылыс бізге де келіп жетті. Бұл үрдіс дами береді деген сенімдемін, - деп ағынан жарылды Андрей.

 
Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір