• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 17:50:18
Алматы
+35°

11 Маусым, 2018 NEWS

«Нұр келбетті Астана» халықаралық көркемсурет фестивалі өтеді

Оған отандық қылқалам шеберлерімен қоса АҚШ, Еуропа, Ресей, Бразилия, және Азияның Жапония, Үндістан сынды елдерінен үздік суретшілер қатысады.

12 маусым, 2018. 11:00. ҚР Ұлттық музейі ғимаратында «Нұр келбетті Астана» халықаралық көркемсурет фестивалі көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Оған отандық қылқалам шеберлерімен қоса АҚШ, Еуропа, Ресей, Бразилия, және Азияның Жапония, Үндістан сынды елдерінен үздік суретшілер қатысады.

Олардың қатарында Ұлыбританияның Корольдік өнер қауымының мүшесі Александра Коннор, Жапонияның акварельмен бейнелеу өнерінің шебері Акира Мурата, Бразилиядағы Панамерика өнер мектебінің тәлімгері Жизель Улисс,  Үндістанның заманауи көркемөнер шебері Рам Вираньян, АҚШ Ұлттық өнер грантының иегері Артем Миролевич, Голландияның ретроспективалық көркемөнер шебері Димитрис Воязоглоу, Ресейлік Игорь Дубовой, Түркиялық Оркун Муфтуоглу, Белоруссиядан Инна Болундь, Кореядан Клеменс Беунгун Суу, Хорватиялық Марко Зубак, Қырғызстаннан Адылбеков Байтерек, Италиялық Джованни Томасси Феррони, сонымен қатар, Гүлмира Телғозиева, Бақтыгерей Телеубай, Амангелді Кененбаев, Нұрбазар Қожин, Қайыр Оразғалиев, Айнабек Оспанов, Тілеужан Батанов сынды әйгілі отандық суретшілер де қатысады. Көрмеде жоғарыда аталып кеткен шетелдік және отандық суретшілердің Астана жайлы өнер туындылары ұсынылады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір