• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:23:31
Алматы
+35°

03 Наурыз, 2018 NEWS

Н.Назарбаев Арменияның жаңа президенті Армен Саркисянды құттықтады

"Сіздің кәсіби біліктілігіңіз бен өмірлік тәжірибеңіз достас Арменияның қарқынды даму жолында жаңа табыстарға қол жеткізуіне мүмкіндік береді деп сенемін"

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Армен Саркисянды Армения Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме беріп.

«Сіздің кәсіби біліктілігіңіз бен өмірлік тәжірибеңіз достас Арменияның қарқынды даму жолында жаңа табыстарға қол жеткізуіне мүмкіндік береді деп сенемін.

Сіздің белсенді қолдауыңыздың арқасында Астана мен Ереван арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастар алдағы уақытта да елдеріміздің игілігі үшін дами береді деп ойлаймын.

Сізге зор денсаулық, жауапты қызметіңізде табыс, ал Армения халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.  

Nazerke Musa

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір