• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:27:32
Алматы
+35°

18 Мамыр, 2017 IT

NEXT ұрпағын қалай қызықтыруға болады

Digital-құралдары көмегімен бір жерге 19 мыңнан астам адамды шоғырландыруға болады ма? Samsung Electronics Central Eurasia мен Cheil Kazakhstan агенттігі, бұл...

Digital-құралдары көмегімен бір жерге 19 мыңнан астам адамды шоғырландыруға болады ма? Samsung Electronics Central Eurasia мен Cheil Kazakhstan агенттігі, бұл мүмкіндікті дәлелдеді.

Алматы, ҚАЗАҚСТАН – 6 мамыр, 2017 жыл. Агенттіктің клиенті Samsung Electronics Қазақстанда Galaxy S8 | S8+ смартфондарының салтанатты іске қосылуы құрметіне «Шектеусіз фестиваль» өткізді. Осынау елеулі атаумен жаңа шығарылымдар презентациясы Алматы қаласында қазақстандық және ресейлік әртістердің қатысуындағы концертпен ұштасты.

Фестиваль 19 мыңдай адамның басын құрап, үлкен атышулы мейрамға айналды. Көптеген медиалық сарапшылар презентацияның ауқымдылығын ерекше бағалады. VEON жобалық менеджері Алан Толубаев өзінің Facebook парақшасында «15 жасымнан мұнша адамдардың бас қосуын көрмедім» деп атап өтсе, Fircom веб-студиясының директоры Бауыржан Сүлейменов «Өте көп адамдар!» - деп таң қалды.

Ұйымдастырушылар мұндай жетістіктің себебі, іс-шараны онлайн-нысанда ілгерілету нәтижесі деп есептейді.

Жоспарланған іс-шараны жариялау 90% ғаламтор арқылы жүзеге асты: арнайы www.s8fest.kz промо-сайтында, Samsung Mobile Kazakhstan ресми әлеуметтік желісіндегі веб-баннерлер көмегімен, атақты вайнерлер мен блогерлерді, сондай-ақ ресейлік танымал жұлдыздарды тарту. Сонымен қатар, түрлі медиаларда мақалалар мен видеолардың анонсын тарату жүзеге асты.

Іс-шараның негізгі бөлімі алдында қатысушылар Cheil Kazakhstan агенттігінің программистері мобильдік қосымшалар негізінде дайындаған бағдарламаны тамашалап, үлкен әсер алды. Бұл интерактивті көңіл көтеру шаралары, адамдарға Galaxy S8 | S8+ смартфондарының қызықты функционалдық мүмкіндіктерін таныстыруға арналған.

Айта кетер болсақ, сый-сияпаттар кездейсоқ іріктеу әдісімен ойнатылмай, дәстүрлі емес арнайы Iris Scanner қосымшасы арқылы жүзеге асты. Байқауда мүдірместен, көзін жұмбай ең ұзақ уақыт ұстаған қатысушы жеңімпаз аталды. Тағы бір қызықты ойын Hero Constructor - Galaxy View дисплейінде жеке детальдарды: кең ауқымды шаш жасау үлгілері, бет жүзі, тері түсі, көз қиығы, киімі және т.б. құрау арқылы өз образын жасауға, сосын өз аватарын саптыаяққа басып шығаруға мүмкіндік берді. Face Tracker атты тағы бір мобильді қосымша виртуалды бетперделер мен түрлі образдарды қатысушылардың жүзіне келістіріп, суретке түсірді. Презентация кезінде жасалған барлық суреттер #хочуS8kz хэштегімен арена үстіне ілінген үлкен экранда жарияланды.

«Әлем жедел өзгергендей, біз де іс-шараларды өтуде ескі ұғымдардан алшақтап келеміз, - деп белгіледі Cheil Kazakhstan агенттігінің Digital департаменті басшысы Карина Пак. – Сондықтан, кампаниялар мен ивенттерді құруда біздер жаңашыл трендтер, қызығушылықтардың жаңа деңгейін ұсынуға тырысамыз, себебі, қазір біздер заманауи гаджеттерді белсенді пайдаланушылар ұрпағымен жұмыс істеудеміз».

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір