• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 23:21:21
Алматы
+35°

24 Ақпан, 2018 NEWS

Н.Ермекбаев Қостанайдың зиялы қауым өкілдерімен Елбасы Жолдауын талқылады

Нұрлан Ермекбаев Қостанай облысының зиялы қауым өкілдерімен Елбасы Жолдауының басым бағыттарын талқылады

Нұрлан Ермекбаев Қостанай облысының зиялы қауым өкілдерімен Елбасы Жолдауының басым бағыттарын талқылады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

23 ақпан күні Қостанай облысына жұмыс сапары барысында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев азаматтық қоғам, ғылым және шығармашылық интеллигенция өкілдерімен, жоғары оқу орындарының студенттерімен кездесті.

Кездесу барысында Нұрлан Ермекбаев Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттары жайында хабардар етті.  

Қостанай

Министрдің айтуынша, Жолдауда әлемдік экономиканың ерекшеліктеріне еліміздің табысты бейімделуі үшін 2018 жылы шешілуі қажет нақты міндеттер қойылған. Оның ішінде, жаңа технологияларды, экономикалық әлеуетті және инфрақұрылымды, мемлекеттік басқару және адами капиталын дамыту саласында 10  міндет белгіленген. 

Министр дін саласындағы мемлекеттік саясаттың, азаматтық қоғам және жастар саясаты салаларының негізгі басымдықтары жайлы айтты.

«Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың шаралары келесі  басымдықтарға бағытталған. Біріншіден, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауда дінді деструктивті мақсаттарда пайдалануға жол бермеу.  Екіншіден, діни қатынастарда заңды жұмыс жасайтын субъектілердің  мүдделерін қорғау. Үшіншіден, көпэтносты мемлекеттегі тыныштықтың кепілі болып табылатын мемлекеттің зайырлы негіздерін сақтау», - деп атап өтті Н. Ермекбаев.

Қостанай

Дін істері және азаматтық қоғам министрі дін мәселелері туралы заң жобасының кейбір маңызды ережелеріне  тоқталып өтті.

«Мемлекеттiк қызметшiлерге қызмет бабын өзінің немесе басқалардың  діни мүдделеріне пайдалануға жол бермеу жөніндегі  талаптар нақтылануда.  Жобамен бұған дейін онсыз да мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінде қарастырылған тек үш шектеу ғана енгізіледі. Алайда бұл шектеулер мемлекеттік қызметке кіруге, Құдайға сену немесе мешітке, шіркеуге бару құқығына әсер етпейді», - деп түсіндірді Н. Ермекбаев.

Азаматтық қоғаммен іс-қимыл саласында «Коммерциялық емес ұйымдардың қызметі туралы заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы» Заң жобасы дайындалды. Заң жобасының мақсаты - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты барынша сапалы және тиімді ету.

Нұрлан Ермекбаев түрлі өңірлер мен  ауылдық жерлердегі  үкіметтік емес ұйымдарды, жастар ұйымдары мен діни қызметкерлерді қолдау мақсатында жаңа жобалар жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті.

«Мәселен,  Министрлік Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірлесіп, өткен жылы «Уақып» қайырылымдылық қорын құрды. Қор шалғай елді-мекендерде тұратын және материалдық тұрғыда көмекке зәру 300-ден астам діни қызметкерлерге көмек көрсетіп үлгерді. «Уақып» қоры  Ақтөбе тұрғындарының әлеуметтік осал топтары үшін арнайы салынып жатқан 4 қабатты тұрғын үй құрылысына қолдау көрсетуде. Сондай-ақ, қайырымдылық қоры осы айда Алматы облысының Түрген ауылында өртеніп кеткен  православ шіркеуін қалпына келтіру жұмыстары үшін қаржы бөлінді. Бұл Қор тарапынан көрсетілетін көмектің аз ғана бөлігі», - деп атап өтті Н. Ермекбаев.

Министр Қостанай облысы қоғамдық кеңестерінің белсенді жұмысын ерекше атап өтті.

«Қостанайлықтар қоғамдық кеңестердің жұмысындағы өзекті мәселелерді шешу үшін көптеген ұсыныстар білдіріп жатыр және біздің семинарларымызға тұрақты түрде қатысып отырады... Осы тұрғыда австриялық философ Пол Карл Фейерабендтің: «Азаматтық қызмет - бұл қоғамдағы еркін азаматтардың ең үздік және жалғыз мектебі» -деген сөзін атап өткім келеді»- деді Нұрлан Ермекбаев.

Жолдауды жүзеге асыру шеңберінде Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі еліміздің белсенді азаматтарымен бірлесіп «Рухани жаңғыру» аясында «Атамекен» шағын бағдарламасын іске асыруда. 

Н. Ермекбаевтың айтуынша, Қостанай облысының кәсіпкерлері «Атамекен» шағын бағдарламасын іске асыруға белсенді қатысуда.  Өңір кәсіпкерлері Затобольск елді-мекенінде жалпы құны 38 млн. теңгені құрайтын қаржыға тұрғын үйлер аулаларын жаңартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізген. Қамысты ауданындағы Қарабатыр ауылының тұрғыны М.Құдайқұлов ауылдық мәдениет үйінің ғимаратын жөндеуден өткізді, ал Сарыкөл ауылында кәсіпкерлер есебінен спорт зал кешені қалпына келтірілген.

Жастар саясаты саласында «Рухани жаңғыру; Болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласының шеңберінде мемлекеттік жастар саясаты Тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі жоспар жаңартылды.  Жоспарға енген іс-шараларда жұмыспен қамту, отбасылық құндылықтарды дамыту, жастар ұйымдарын қолдау, кәсіпкерлік пен еріктілер қызметі жүйелелерін жетілдіру мәселелері ескерілген.

Жұмыс сапары барысында Дін істері және азаматтық қоғам министрі  Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың халық алдындағы  есептік кездесуіне қатысты, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың  ресурстық орталығына, «СарыарқаАвтопром» ЖШС, Ыбырай алтынсарин мемориалды кешеніне, Шақшақ Жәнібек Қошқарұлы ескерткішіне және «Аймағанбет Қажы Спанұлы» атындағы облыстық мешітке барып, аралады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір