• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 03:43:37
Алматы
+35°

Германия билігі Гамбург қаласында орналасқан гестапоның штаб-пәтерін пәтерге айналдырмақ деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі The Guardian-ға сілтеме жасап. Аталмыш ғимаратта Адольф Гитлердің саясатына қарсы шыққандар азапталатын. 

Нацистердің кесірінен азап көргендердің туыстары өз қарсылығын білдіріп наразылық акциясына шықты.

-Тергеуге келгендердің ешқайсысы ол жерден жарақатсыз шықпаған, - дейді  Детлеф Бааде. Оның әкесін 1933 жылы азаптаған.

Басылымның мәліметінше, гестапо ғимаратын жеке кәсіпкер сатып алды. Ол ғимаратта 88 пәтермен қоса, 126 бөлмелі қонақ үй, мейрамхана, бар және дүкен ашпақшы.

Гестапо – Үшінші рейхтің құпия мемлекеттік полициясы. Ол 1933-1945 жылдар аралығында жұмыс істеді. Гестапо фюрер Адольф Гитлердің саясатына қарсы адамдарды қудалаумен айналысатын. Ол нацистік Германияның ең маңызды құралдарының бірі болды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір