• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:46:23
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2018 Әлеумет

Неміс зерттеушісі: Қытайда 1 миллион мұсылман қамалған

Зенцтің баяндамасы Батыс журналистері мен зерттеушілері арасында үлкен резонанс тудырды.

Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданындағы саяси үйрену орталықтарында 1 миилион мұсылман қамауда отыр. Германиядағы мәдениет және теология еуропалық мектебінің зерттеушісі Адриан Зенц осындай дерек келтірді. Бұл туралы «Жас Алаш» газеті жазды.

Басылымның дерегіне сүйенсек, Зенц Қытайда саяси үйрену орталықтарының бар екенін нақты дәйектерімен келтіріп өткен. Қытай үкіметі Шыңжаңдағы 40 елдімекенде орналасқан саяси үйрену орталықтарын дамыту үшін арнайы келісімшарттар тапқан. 2016 жылдан бері Шыңжаңның түкпір-түкпірінде салынып жатқан орталықтардың жалпы құны 680 миллион юаньға (170 миллион доллар) шығатыны германиялық зерттеушінің баяндамасында айтылды.

Орталықтарда криминалды психология және әскери тәжірибесі бар мамандар жұмыс істейді. Тіпті сондай мамандарды іздеу жұмыстары да қарқынды жүріп жатқан көрінеді.

Зенцтің баяндамасы Батыс журналистері мен зерттеушілері арасында үлкен резонанс тудырды.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір