• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 00:15:50
Алматы
+35°

19 Қаңтар, 2018 Экономика

Неге әлемдегі алпауыт бес банктің төртеуі Қытайда орналасқан?

Азия елдеріндегі банктердің 2010 жылдан 2013 жылға дейінгі орташа жылдық өсімі – 10,5 пайыз

Әлемдегі ең үлкен бес банк Азияда орналасқан. Оның төртеуі Қытайға тиесілі.

Қазір азиялық банктер жоғары табысының арқасында инвесторларды тартып отыр. Кез келген елдің үкіметі елдегі банк индустриясының дамуын жіті қадағалап, қолдау көрсетіп отырады. Азиядағы қаржы институттарының қалай жұмыс істейтінін айтып көрелік.

Әлемдегі ең ірі бес банктің Азияда орналасуының сыры неде? Өңірдегі өз ісіне берілген қызметкерлердің күндіз-түні жұмыс істеген еңбегінің нәтижесі ме?

Әрине, жоқ! Азия банктері жылдар бойы жинаған абыройының арқасында ауқымын ұлғайтып, қанатын кеңге жайып келеді.

Азиядағы банктерден қаржы алып отырған жергілікті компаниялар, кәсіпорындар мен шаруашылықтар да өсіп-өркендеп жатыр.

Бұл банктер мен кәсіпорындар қалай жұмыс істейді? Бұлардың батыстағы мекемелерден қандай айырмашылығы бар?

Азиядағы банк активтері молайып, құны да күн сайын қымбаттап барады

1980 жылдан 2010 жылға дейінгі аралықта банктердің қаржы қоры Қытайда 20 есе, Жапонияда 15 есе, Оңтүстік Кореяда 13 есе артқан.

Төмендегі кестеден 2010-2016 жылдар аралығында Азия елдеріндегі банктердің қызметі қалай өскенін  байқауға болады.

банк

Соның ішінде: Қытайда 9 пайыз, Үндістанда 5 пайыз, Индонезияда 7 пайыз, Гонконгта 8 пайыз, Малайзия 4 пайыз, Сингапурда 5 пайыз, Филиппинде 9 пайыз, Оңтүстік Кореяда 6 пайыз, Тайваньда 4 пайыз, Тайландта 5 пайыз, Вьетнамда 12 пайыз және басқа елдерде 12 пайыз өсім тіркелсе, Жапонияда 2 пайыз төмен түскен.

Азия елдеріндегі банктердің 2010 жылдан 2013 жылға дейінгі орташа жылдық өсімі – 10,5 пайыз. Ал 2014 жылдан 2016 жыл аралығы 6,9  пайызды көрсетіп отыр.

Төмендегі кестеде көрсетілгендей, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдердің жиынтық активтері мен кіріс өсімі әлемнің қалған бөлігін басып озған. 

forbes.com

Деректерге сүйенсек, Азия-Тынық мұхит аймағындағы елдерде банк саласы қарқынды дамуда.

Ал мына кестеде Азия-Тынық мұхит аймағындағы (Қытай, Тайланд, Вьетнам, Индонезия және т.б.) дамушы елдер актив қоры жағынан дүниежүзінде үшінші орынға тұрақтайды деп болжанған.

forbes.com

Активтер мен несиелердің байланысы

Банкте жинақталған активтер көп болған сайын ол көбірек пайда түсіреді. Әдетте несие өсімінің 1 пайыз артуы  экономикалық өсімге 0,57 пайыз табыс әкелуі мүмкін. Байқағанымыздай, несиелеудің өсуі мен ЖІӨ өсуі арасында мықты корреляция бар.

Қытайдағы несиелеудің өсуі мен ЖІӨ өсуінің арасындағы байланыс төмендегі кестеде көрсетілген.

forbes.com

 

forbes.com

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір